Қазақстандық жастар Африкада 250 адамға ауызашар асын берді

Қазақстандық жастар Африкадағы мұсылман жұртшылығына арнап ауызашар асын берді. Олар 250 адамға арнап дастархан жайған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап. 

https://www.inform.kz/kz/kazakstandyk-zhastar-afrikadagy-250-adamga-auyzashar-asyn-berdi_a3526364

Қайырымдылық шарасын Африкадағы мұсылман халқына ауызашар беретін қор ұйымдастырыпты. Алматы қаласы мен Ақтөбе облысында тұратын 50-ге жуық жас аталған қорға ақша аударыпты. 

Ұйымдастырушылардың бірі Ержан Мизамов ел тұрғындары Африка халқының жағдайына қарап, шүкірлік етсе екені, дейді.

«Қасиетті Рамазан айындағы игі істердің төресі -  ауыз аштыру. Африка мұсылмандары ауыздарын қара сумен ашатынын естігенде ас беру ойы туындады. Олардың күнкөріс деңгейлері өте төмен. Ауызашар бағдарламасы бойынша, бір адамды тамақтандыруға 1 доллар, яғни 380 теңге шамасында жұмсалады екен. Қазақстанда бұл баға бір адамға - 600-1500 теңге. Оның үстіне, елімізде ауызашар беріп жатқандар өте көп. Өңірлердегі әрбір мешітте де олар күнделікті тегін ұйымдастырылады. Аталмыш елдегі халықтың жағдайына қарап шүкіршілік етсек деген ой», - дейді Мизамов. 

Қазақстандық жастар Африкада 250 адамға ауызашар асын берді

Сонымен қатар ол қазақстандық жастар Мысырда оқып жатқан 80-ге жуық қазақстандық студентке ауызашар беруді жоспарлап отырғанын айтты. 

«Ұсыныстар өте көп түсуде. Оның ішінде, Қазақстандағы жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық шараларын ұйымдастыру бар», - дейді Ержан Мизамов. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр