Қазақстандық спортшы қыз ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Сувада (Фиджи) ауыр атлетикадан әлем чемпионаты жалғасуда. Карина Кұзғанбаева Қазақстан қоржынына алтын медаль сыйлады.

karina

81 келіге дейінгі салмақта Каринаға ешкім тең болмады. Ол 224 кг (98 + 126) ұпаймен алтынға қол жеткізді. Сонымен қатар, Карина  жұлқи көтеру мен сілтей көтеруде "кіші алтын медаль" алды.

Күміс жүлде кореялық Хён Чжу Чжанға берілді. Спортшы 221 кг (97 + 124) нәтижеге қол жеткізді. Үшінші орынды ресейлік Екатерина Визгина қалды. Спортшы қыз 206 кг (93 + 113) есебімен "қола" жеңіп алды.

Бұған дейін чемпионаттың күміс медалін Артем Антропов жеңіп алды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр