Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық оқушы әлемдегі жиырма оқу орнынан шақырту алған 

Шымкенттегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Сымбат Көшерова әлемнің жиырма жоғарғы оқу орнынан білім алуға шақырту алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Информбюроға» сілтеме жасап.

Терең білімі мен Халықаралық олимпиядалардағы жеңісі оған осындай ғажап мүмкіндікті тарту етті. Осы уақытқа дейін білімін жетілдіріп, қатарластарынан оқ бойы озық тұрған ару бүгінде таңдау жасауға асығып жүр.

Сымбатты оқуға шақырғандардың қатарында АҚШ, Корея, Швейцария, Франция мен Канада секілді ірі елдердің беделді оқу орындары бар. Бағы жанып, ата-анасы мен туыстарын қуантқан оқушы Бостон қаласындағы бизнес мектебін таңдапты.

«SAT тестілеуінен 1600 балдан 1580 бал жинадым. IELTS тестілеуінен 7,5 ұпайым бар. 9-сыныпта мектептің атынан Бостон қаласына бір ай бойы оқуға мүмкіндік алғанмын», - дейді Сымбат Көшерова.
 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр