Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дәрігерлер Түркиядан ем таппаған жігітті аяққа тұрғызды

Нұр-Сұлтанда Нейрохирургия ұлттық орталығының хирургтері бірегей ота жасап, пациентті мүгедек болып қалудан құтқарды. Қазақстандық азамат бұған дейін шетелде ем алғанымен, нәтижесі болмапты, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстандық дәрігерлер Түркиядан ем таппаған жігітті аяққа тұрғызды

Дәрігерлердің сөзінше, орталыққа келген 18 жастағы жігіт омыртқасының кеуде тұсы қатты ауыратынын айтыпты. Астаналық жігіт 2 жыл бойы ауыр дерттен зардап шеккен. Ол дәрігерлерге жанына батқан ауру ақырындап аяғына да тарап келе жатқанын айтыпты. Дерттің асқынғаны сонша, жас жігіт жағдайы нашарлағаннан кейін жүріп-тұра алмай қалған. 

Жас жігіт емделу үшін Түркияға аттанған. Анталья қаласындағы клиниканың дәрігерлері оның 12-нші омыртқасында үлкен ісік барын және оның жұлынды басып тұрғанын анықтапты. Пациент түркиялық клиникада ота жасатып, емделу үшін 70 мың доллар (26 млн 600 мың теңгеге жуық) жұмсаған. Алайда осыған қарамастан, жүргізілген ем нәтижесіз болыпты. 

Қазақстандық дәрігерлер Түркиядан ем таппаған жігітті аяққа тұрғызды

Арада бір жыл өткеннен кейін жас жігіт елордадағы Нейрохирургия ұлттық орталығының мамандарының көмегіне жүгінеді. Дәрігерлер омыртқа металлқұрылымының дәрменсіздігін, ағзаның оны қабылдамағанын және отадан кейінгі жараның іріңдеп кеткенін анықтаған. Сонымен қатар дәрігерлер анықтағандай, бұған дейін жасалған ота кезінде ісіктің алынбаған екен. Соның салдарынан ісік жұлынды қысып қалыпты.

Нейрохирург дәрігерлер жас жігіттің омыртқасындағы металлқұрылымды алып, ісікті кесіп алып, оның жұлынға әсерін жойған. Сонымен қатар вертебропластика аталатын арнайы процедураны жасап, 12-омыртқаны сүйек цементімен толтырыпты. 

Дәрігерлер отаның сәтті өткенін айтты. Олардың көмегінің арқасында пациент өздігінен жүріп-тұра алатын болған.

Талқылау