Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ару Ташкентте өткен халықаралық сұлулық байқауында жеңіске жетті

24 жастағы қазақстандық Азиза Тоқашова Miss Union Fashion 2019 халықаралық сұлулық байқауында жеңімпаз атанды. Байқаудың ақтық кезеңі 25 сәуірде Ташкентте өткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Қазақстандық ару Ташкентте өткен халықаралық сұлулық байқауында жеңіске жетті

Додада бірінші вице-мисс тәжі тәжікстандық қызға бұйырды.Тыва Республикасының (Ресей) аруы екінші вице-мисс, ал украиналық ару үшінші вице-мисс атанды.

 

Бұл Азиза Тоқашованың сұлулық байқауындағы алғашқы жеңісі емес. Ол 2018 жылы Филиппиндерде өткен Miss Intercontinental сұлулық байқауында Қазақстан атынан додаға түсіп, жеңіске жеткен.

 

 

 

Талқылау