Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сөмкеге жармасқаны үшін: Қазақстандық актриса ұшақ апаты кезінде жарақат алғанын айтты

Танымал қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова басынан өткен бір оқиғаны баяндап берді. Айтуынша, бұл оқиға Шереметьевода болған қайғылы апатқа ұқсайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Әрбір әуе апаты болған сайын осы оқиға ойыма оралады. 2007 жылдың 7 шілдесінде мен Түркияға ұшып шыққан ұшақта өрт шықты. Ұшқан кезде қозғалтқышы жанған екен. Бортта шамамен 200-дей адам болды. Ұшақтың 6 есігінің тек екеуі ашылды. Адамдар қатты дүрбелеңге салынып, жүгіре бастады. Ешкім өзін қолға ала алмады. Көбісі траптан ұшып, сүйегін, басын жарып алып жатты», - дейді актриса. 

Әрі қарай өзінің де жарақат алып қалғанын айтты. Десе де басынан қорқынышты жағдай өткеніне қарамастан, ұшақпен қатынаудан қорықпайтынын жеткізді. 

«Ал мен қолымды ғана сырып алған екенмін. Оның өзінде сөмке ұстап тұрғаным үшін ғана. Бұлай жасауға болмайды негізі. Кейін бізді ұшақтан алыстау жерге алып барды. Артынша да бізге ешнәрсе түсіндірмеді. Бірақ бізге әртүрлі ақпарат келіп жатты. Ұшақты жөндеу мүмкін емес болған екен. Егер біз әуежайдан ұшып шыққан болсақ, межеленген жерге жетпеуіміз мүмкін еді. Бір қызығы, ұшудан қорықпаймын. Тек есіктер мен құтқарушы жилеттердің қайда тұрғанын қарап аламын. Бұл менімен мәңгілік бірге. Шереметьеводағы қайғылы жағдай менің басымнан өткен оқиғаға қатты ұқсайды. Жақындарын жоғалтқан жандардың бәріне көңіл айтамын. Бұл қорқынышты», - деді Аружан Жазылбекова. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр