Қазақстандық 6 жасар Димаштың қолына заманауи протез салынды

Кеше қазақстандық 6 жасар Димашқа «Сколково» инновациондық орталығынан жіберілген  3D-принтерде басылған кибер-қол салынды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық 6 жасар Димаштың қолына заманауи протез салынды

Заманауи протез өндірушілер Димаштан бөлек Қазақстанның тағы 4 баласына жұмыс істейтін киберқол салып берді.

Айта кетсек, Димашқа протез салуға қаражатты Айман есімді Қазақстанның тұңғыш кибер-моделі краудфандингтің көмегімен жинап берген. Баланың анасы Айжан айтқандай, Димаш өскенде өзі секілді көмекке мұқтаж болған балаларға протез алуларына көмектескісі келеді екен. 

Осылайша, қайырымдылыққа қатысқан әрбір адам Димашқа болашаққа деген сенім сыйлап, оны батыр етті.

«Біз ТМД азаматтарының да жеке дизайны бар заманауи функционалдық протездерді алуға мүмкіндіктері болғанын қалаймыз. Біздің команда Алматыға келіп, бес баланы және олардың ата-аналарын қуантып қайтты. Бұл әзірге бірінші қадам ғана. Болашақта біз заманауи протездерді мемлекет тарапынан өтемақы алу арқылы қамтамасыз етуге тырысамыз. Ал қазір жинақталған қордың немесе қайырымдылықтың көмегі арқылы ғана көмектесе аламыз»,- дейді «Моторика» жобасының негізін қалаушы Андрей Давидюк.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр