Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық 4 жоғары оқу орны сатылымға шығарылады. Студенттер алаңдаушылық танытты

Еліміздегі бірнеше университет сатылымға шығарылды.Қаржы министрлігінің бұл бастамасы осы жылдың 7 наурызында жүзеге асырылмақ. Дәлірек айтқанда, аукцион ұйымдастырылып, жоғарғы оқу орындарының белгіленген пайыздық үлесі жеке тұлғалардың қолына берілмек. Ал сарапшылар болса, білім ордалары жекеге берілетін болса онсыз да оңып тұрмаған білім саласы тағы да ақсай ма деп қауіптенеді. Сонда қандай оқу орындары сатылмақ? 

Қазақстандық 4 жоғары оқу орны сатылымға шығарылады. Студенттер алаңдаушылық танытты

Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасы" хабарлайды.

Жоғарғы оқу орындарын сатылымға шығарған – қаржы министрлігі. Бұл тізімде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті бар. Бұл ақпаратты естігенде алдымен студенттер алаңдады. Олар жекелер араласқанда оқу ақысы қымбаттап кетпесе игі дейді. 

Қаржы министрлігі бұл жоғарғы оқу орындарын аукцион арқылы сатпақ. Ең қымбат білім ордасы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы. Оның бастапқы бағасы 2 миллиард 522 миллион теңге . Ал Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетін 1 миллиард 711 миллион, Алматы энергетика және байланыс университеті- 1 миллиард 401 миллион, Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 336 миллион теңгеге бағаланыпты. 

«Бұлардың сатылымға шығарылған акцияларының мөлшері Алматы энергетикалық және байланыс университетінікі 33,65 пайызды құрайды жарғылық капиталының, ал қалған үш объекті бойынша 35 пайызын құрайды», - дейді ҚР қаржы министрлігінің басқарма басшысы Дәулет Шағыров.

Алматы Энергетика және байланыс университетінің басшылығы мемлекет өзіне тиесілі акцияларды ғана сатылымға шығарғанын жеткізді. Ақцияларда бақылау пакеті болмағандықтан, айтарлықтай өзгеріс болмайды екен. Оқу процесі мен университет жұмысы оқу орнының стратегиялық жоспарына сай жүргізілмек. 

«Университет толығымен сатылымға шығарылған жоқ. Тек мемлекеттің үлесі ғана. Яғни бақылау пакетіне жатпайтын университеттің 33 пайыз ақциясы шығарылып отыр. Ақциялардың 65 пайыздан астамы жеке тұлғалардың қолында. Оның ішінде университет қызметкерлері мен оқытушылар да бар. Мемлекеттің өз үлесін сатуынан университетке ешқандай әсер етпейді», - дейді Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сәуле Сағынтаева.

Мамандардың айтуынша, елімізде педагок мамандарды даярлайтын екі ғана жоғарғы оқу орны қалыпты. Енді оның бірі сатылымға шығарылатын болса, білім саласы тоқырауға ұшырай ма деп алаңдаулы.

«Бұларды сатуға қою түбірімен дұрыс емес деп білемін. Өйткені қазір үштілділікке байланысты Абылай хан жоғарғы оқу орны сол мамандарды даярлайды. Яғни жалғыз жоғарғы оқу орны қазіргі. Кейбіреулер өздері қаржы бойынша даярлайды да негізгі мамандық ретінде», - дейді қоғам қайраткері Ерсайын Ерғожа.

Жоғарғы оқу ордаларын сатуға арналған аукцион 7 наурызға белгіленіпті. Кім жоғары баға ұсынса, акциялар соның қолына көшеді. Бәс саудаға қатысушыларға ешқандай шектеу жоқ. Тіпті, шет ел азаматтарының да қатысуына болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау