Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы жұмыссыздық: Қай өңір мәселелі аймаққа жатады

Жұмыссыздықтың ең көп өсуі Астана қаласында тіркелді. Ал жұмыссыздыққа қарсы күрестің ең жақсы көрсеткіші бойынша Қарағанды ​​облысы көш бастап тұр.

Бұл туралы energyprom.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

2017 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанның 16 аймағындағы жұмыссыздық деңгейі жеті пайызға төмендеген.

Қарағанды ​​облысында жұмыссыздықпен күресудің ең жақсы көрсеткіштері байқалды. 2017 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша бір жыл ішінде жұмыссыздар саны 7 пайызға, яғни 32,2 мың адамға дейін қысқарды.

Сондай-ақ, Қазақстанда жұмыссыздықпен күресуде жақсы нәтиже көрсеткендердің қаратына Қостанай облысы да кіреді. Бұл аймақта жұмыссыздар саны 5% -ға, 24,5 мың адамға дейін азайды. Ал үздік үштікке кірген Ақмола облысында жұмыссыздар саны- 2,8%-ға төмендеген, ол 20,6 мың адам.

Сонымен бірге жұмыс табу ең үлкен қиындыққа айналған қала Астана. Елордада жұмыссыздар саны 6,8% -ға, яғни 23,8 мың адамға дейін өсті.

Жалпы, Қазақстанда жұмыссыздар саны бір жыл ішінде 0,4% -ға төмендеді. 2017 жылдың басынан бері жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде қалып отыр.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да жаппай улану: Әкім қосымша дәрігерлерді тартуды тапсырды

Енді жүргізуші куәлігін 2 сағатта ауыстыруға болады

Қазақстанда жүргізуші куәлігін қалай қалпына келтіруге болады?

Мұхтар Шаханов: Біз тіл үшін күресіп жүргенде Мұқағалидің арақ ішуден қолы босамады

Талқылау