Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ЖОО-да оқу ақысы қанша тұрады?

Еліміздегі ең қымбат жоғарғы оқу орны Астанадағы Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті. Онда оқу ақысы – 650 мың мен 710 мың теңге аралығын құрайды. Қазір мұнда 168 мамандық бойынша 16 мың студент білім алуда. Оқу орнында 13 факультет бар.

b2a1ccecb056209debaf7a1824c40ad5-big

 

Бұл туралы  BNews.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

ҚазМЗУ-да оқу құны 450 мың мен 680 мың теңге аралығында.

Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде оқу құны 342 мың мен 443 мың теңге аралығын құрайды. Оқу орнында ауылшаруашылық, техникалық, өнер, бизнес саласындағы мамандықтарды оқытады.

Еліміздегі ең қымбат оқу орны қатарында КБТУ мен КМЭБИ (қазақ менеджмент экономика және болжау институты) бар. КБТУ-да ҰБТ-дан жинаған балл бойынша есептеледі. 50 балдан жоғары қарай 1 миллион 950 мың болса, 70 балдан бастап 1 миллион 400 мың теңге төленеді. Ал, КМЭБИ-де оқу құны 1 миллион 500 мыңнан бастап 1 миллион 700 мыңға дейін төленеді.

Алматыдағы Санжар Асфендияров атындағы медициналық университетте оқу ақысы 770 мыңнан басталады. Оқу орнында жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармацевтика, шетел студенттері, интернатура мен резидентура атты факультеттер бар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқу ақысы 620 мыңнан 700 мыңға дейін барады.

Almaty Management University оқу орнында оқу ақысы +647 мыңнан 797 мың аралығында. Мұнда студенттерді экономикалық мамандықта оқытады.

Ал, аймақтық оқу орындарында оқу ақысы әлдеқайда арзанға түседі. Мәселен, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде оқу ақысы 244 мыңнан 441 мыңға дейін барады. Мұнда әлеуметтік-гуманитарлық, ғылым, заң, экономика, сондай-ақ, ауылшаруашылық саласында 58 мамандық оқытылады.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде оқу ақысы 300 мың тұрады. Оқу орнында еңбек және құқық, білім беру, әлеуметтік және гуманитарлық ғылым, өнер мен технология  саласында оқытады.

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 66, Евгений Букетов атындағы Карағанды мемлекеттік университетінде 75 мамандық бойынша оқытады. Аталған екі оқу орнында оқу ақысы бірдей 342 мың 443 мың аралығында.

Жіберіп алмаңыз:

ЖОО-лар ҰБТ тапсыра алмағандарды да оқуға қабылдай беретін болды

Үздік спортшы мектеп оқушыларына ЖОО-да грант берілуі мүмкін

Талқылау