Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы жас отбасылардың тең жартысы отасқан алғашқы 1 жылда бала сүйе алмайды

Қазақстандағы жас отбасылардың тең жартысы отасқан алғашқы 1 жылда бала сүйе алмайды. Ал олардың ішінде 20 пайыздайында нақты аурулар анықталады екен.

36a92045-e9b8-4649-89eb-4f4c627cc2b6

Бұл туралы “31 арна” хабарлайды.

Дәрігерлер мұндай жағымсыз көрсеткішке азаматтардың өз денсаулығына деген немқұрайлы қарауы себеп деп отыр. Оның үстіне үйленер алдында дәрігерге қаралу былай тұрсын, қойылған диагнозбен келіспейтіндер де бар дейді. Әсіресе өзінің бала туғызу қабілетсіздігін мойындағысы келмейтін еркектер екен.

Урологиялық сырқаттар салдарынан отбасының балалы бола алмау мәселесі әлем халқының бестен бірін мазалайды. Қазақстанда да осы деңгейде екен. Бұл көрсеткіш жыл санап өспесе де, кемімей отыр.

Дәрігерлер мұндай жағдайда ерлі-зайыптылар жауапкершілікті тең бөлісуі керек дейді. Өйткені, көп жағдайда еркектер бала сүйе алмауына өзін кінәлі санағысы келмейді екен.

“Қабілетсіздігін жиі мойындамайды. Өйткені бұл интимдік сұрақ. Оны көрінгенге айта бермейді, ұялады көбісі. Сондықтан кейбір мәселелер ұялмай, дер кезінде емделіп, қаралып тұрса көп мәселелерді шешуге болады. Еркектің бедеулігі дейді. 1 жыл отасқаннан кейін бала болмаса бедеулік дейді. Одан кейін қарала бастайды”, – дейді уролог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Ерсайын Жиенбаев.

Дәрігерлердің айтуынша, отау құрған жас отбасылардың 50 пайызы алғашқы 1 жылда осындай проблемаға ұрынады. Ал, ауырғанда ғана дәрігерді іздейді делінген қарапайым жұрттың ойы қандай?

Мамандар, ер азаматтардың мұндай қылығын менталитеттен болуы мүмкін дейді. Тіпті, өз кінәсін мойындай алмай басқа әйелмен отау құратындардың көп екені де жасырын емес деп отыр. Психолог Лимана Қойшиева да бала көтере алмау мәселесімен жүгінетіндер жиілеп кеткенін айтады.

Келіншектер келіп, өздері жылап “сіз айтсаңыз мүмкін түсінер, астарлап айтыңыз, мүмкін түсіндірерсіз, сізге құлақ қояр” деген сияқты жайттармен жолдастарын алып келіп жатқан жағдайлар болды. Барымызша түсіндіреміз. Құлақ тіпті аспайтындар болады. Неге бірге жүріп емделмеске? Жасыратын, ұялатын ештеңесі жоқ ол жерде”, – дейді психолог Лимана Қойшиева.

Өзекті болып отырған мәселе бойынша жиналған уролог-дәрігерлер еркек қабілетсіздігінің алдын алу жолдарын талқылады. Бұл жолы марал мүйізінің пайдасы туралы да әңгіме қозғады.


Жіберіп алмаңыз:

Нидерланд басшылығы адам эмбриондарын өсіруге рұқсат бермек

Елімізде 1 млн-ға жуық әйел бала көтере алмай жүр

Британдық ғалымдар адам ұрығының генін өзгертуге рұқсат алды

Талқылау