Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Осы апта еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында айтарлықтай кадрлық ауыс-түйіс орын ала қойған жоқ. Дегенмен,  Апта ішінде орын алған осы және өзге де тағайындауларға шолу жасап көрейік.

rukopozshatie-1024x768

Бұлтуралы STAN.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірге қарасты екі ауданның басшыларын ауыстырды. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы өкімімен Шериязданов Асқар Тұрарұлы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Шериязданов Асқар Тұрарұлы 1968 жылы дүниеге келді. Ол Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын «орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаса, Алматы экономика және статистика институтында есепші-экономист кәсібінің қыр-сырын меңгерді. 1992 жылы алғашқы еңбек жолы №7 КТУ-дің қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы ретінде басталған. Ол әр түрлі жылдары тілдер бойынша облыстық басқарманың бас маманы, Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі, орынбасары, кейін ішкі саясат департаментінің директоры, орынбасары әрі туризм және спорт басқармасының бастығы міндеттерін атқарды. Бөлімнің, департаменттің бастығы, «Батыс ӘКК»ҰҚ» АҚ-ның Астана қаласындағы өкілі, елордадағы «Алтын Қыран» топтық компаниясы бас директорының орынбасары, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының жетекшісі қызметтерінде болды. 2013 жылдың желтоқсанынан осы тағайындауға дейін Алға ауданының әкімі болды.

Ақтөбе облысы әкімінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы өкімімен Мавр Ерғалиұлы Абдуллин Алға ауданының әкімі болып тағайындалды.

Ол 1973 жылы туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Ойыл ДЭУ-40 аудандық ұйымында бастады. Ойыл ауданында жеке кәсіпкерлікпен айналысты.Ойыл аудандық мәдениет бөлімінде меңгеруші, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болды. 2012 жылдың сәуірінен бері Ойыл ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Сонымен қатар осы аптада «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізіп, онда ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің жаңа мүшелері сайланды. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі бойынша, директорлар кеңесінен жақында ғана шығарылған Кертвуд Хиллман мен Абат Нұрсейітовтің орнына «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ операциялық өндіруші активтер бойынша басқарушы директор – бас инженер Игорь Гончаров пен ҚМГ БӨ бас директоры (басқарма төрағасы) Құрманғазы Есқазиев сайланды.

ВТБ Банкі (Қазақстан) Директорлар кеңесінің шешімімен Банк Басқармасының төрағасы лауазымына бұрын ВТБ Банкінің Орынбор облысы бойынша дирекциясының басшысы лауазымында қызмет еткен Дмитрий Забелло тағайындалды.

1969 жылы дүниеге келген ол Орынбор мемлекеттік университетін бітірген. 1999-2004 жылдары аралығында Мәскеу банкінің Орынбор филиалында қызмет атқарған. 2004 жылдан жаңа тағайындауға дейін  ВТБ Банкінің Орынбор облысы бойынша дирекциясында филал басқарушының орынбасарлығынан басшысына дейінгі еңбек жолынан өткен.

 

Талқылау