Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы кадрлық өзгерістер жасады

Осы аптада елімізде бірен-саран кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Мәселен, осы уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған Б.Палымбетов Елбасы Өкімімен жаңа қызметке тағайындалды.

64410dd4c155ac33d2d3307cff4a7e53-big

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Болат Әбілқасымұлы Палымбетов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы болған, экономика ғылымының кандидаты. «Құрмет», 3-дәрежелі «Ерен еңбегі үшін» ордендерімен марапатталған.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес әдеп жөніндегі уәкіл болып Заң департаментінің директоры Дәурен Мұратбеков тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұйрығымен ағымдағы жылы 12 ақпанда ҚР ҰҚК Маңғыстау облыстық департаментінің басшысы болып ҰҚО генерал-майоры Ерлік Тайжанов тағайындалды. Ол Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданының «Украиндық» кеңшарында дүниеге келген. «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» (1988), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» (2002), «Мінсіз қызметі үшін» (2002), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Құрметті қызметкері (2004).

Қызылорда облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы лауазымына Жазира Жылқышиева тағайындалды.  Жазира Жылқышиева 1970 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген.  «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен наградталған.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған Ербол Ғұмарұлы Салықов Батыс Қазақстан аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы болып сайланды. Е.Ғ.Салықовтың басшылық жұмыста тәжірибесі мол. Соның ішінде Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары, Шыңғырлау ауданының әкімі, облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2009 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Белгілі айтыскер әрі танымал ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бауыржан Халиолла Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры болып тағайындалды. Ал осыған дейін Қадыр орталығын басқарып келген әнші-композитор Донеділ Қажымов зейнетке шығуына байланысты қызметінен босады.

Айта кетейік, Бауыржан Ергенұлы бұған дейін облыстық жастар шығармашылығы орталығына басшылық етті. Сырым ауданында дүниеге келген ол – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі.

Талқылау