Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы тұрғын үй бағасы келер жылы күрт көтерілмек

Тұрғын үйге қол жеткіземін деген қазақстандықтардың асығуына тура келмек. Риелторлардың болжауынша, пәтер бағасы тек жылдың соңына дейін құлдырамақ.

Безымянный

Сурет kapital.kz

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Сатушылардың бастапқы ұсынысы мен нақты жасалған сатылымдар қысқара бастаған. Егер ақпан айында үйге қол жеткізгендер саны 40 пайыз болса, қазір 25 пайыз. Енді сатушылар бастапқы бағаны 5-10 пайызға дейін шарықтата түспекші екен. Бірақ қазіргі таңда тұрғын үй нарығының тұрақтанып тұрғанын айта кету керек.

“Біз жылдың соңына дейін күз айларында төмендетілген тұрақты бағаны күтеміз. Бұл уақыт жазғы тыныштықтан кейінгі белсенді мерзім”, – дейді Homsters.kz-тың қазақстандық өкілдігі жетекшісі Олеся Мельникова.

Оның сөзінше, қосымша баспана иелері әлі де болса сатылымға асықпайды. Ал “бірінші” сатушылар еш қалғымайды: үйді салушылар клиенттерге мүмкін болатын жеңілдіктермен ұсынады.

Үй бағасының төмендеуіне әсер ететін факторлар ішінде риелторлар белсенділіктің жаз айларында тоқтауын айтады.

Талқылау