Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы танымал адамдардың сұлу қыздары (фото)

Жұлдыздардың балалары туралы ақпарат әрдайым сұраныста. Себебі, олардың әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы ата-аналарының жеке өмірі туралы мәлімет алуға болады. Олай болса, белгілі оқу орындарында білім алып, сұлу келбетімен көзге түскен бойжеткендердің бүгінде немен айналысып жүргендерін бірге анықтайық.

0

Айым Сейітметова

Данагүл Темірсұлтанова мен Азат Сейітметовтың қызы

Бойжеткен де ата-анасының ізін қуып, актерлік шеберлігін шыңдап жүр. Мұнымен қатар, отандық компаниялардың бірінде сәнбике болып жұмыс істейді. Дәл қазір Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқып жатыр. Ағайындылар тобының “Сүю деген” атты бейнебаяны мен “Жібек” телехикаясында басты рөлдерді сомдап үлгерді.

13671709_300108140344589_2131647158_n

Меруерт Шәкеева

Еркеш Шәкеевтің қызы

Сырт келбетінен-ақ өзіне деген сенімділігі байқалатын бойжеткен – композитор Еркеш Шәкеевтің қызы. Меруерт әкесінің барлық концертіне қатысады. Мұнымен қатар, жұмыстағы оның оң қолы десек те болады. Түрлі қайырымдылық шараларымен айналысып, бос уақытында сурет салады. Соңғы кезде өзін сәнбике ретінде танытып жүр.

comode

Кәмиля Серкебаева

Байғали Серкебаевтың қызы

Байғалидің қызы, Ермек Серкебаевтың туған немересі. Бастапқыда экономика саласында білім алып, кейін логистика, маркетинг, қаржы салаларында жұмыс істеген. Лондондағы университеттердің бірінде “Film Studies” мамандығы бойынша білім алған соң шығармашылыққа қайта оралады. Дәл қазір Алматыда TheatreHD жобасымен айналысып жатыр.

image

Диана Орынбасарова

Жанна Орынбасарованың қызы

Әнші әдетте өзінің жеке өмірі туралы тіс жармауды жөн көреді. Джаз бағытында ән салатын Жаннаның Диана есімді қызы бар екені ғана мәлім. Бойжеткен заңгер мамандығы бойынша білім алып жатыр. Ал анасы оны танымалдылықтың кері әсерінен сақтандырудың барлық амалын жасауда.

IMG_7287

Урсула

Бақыт Шадаеваның қызы

Бақыт Шадаеваның үлкен қызы да танымалдылықтан сақтануға тырысады. Әнші өзінің сұхбаттарының бірінде қызының да тамаша ән салатынын айтқан болатын. Десе де, ол экономика саласын таңдаған. Жуырда тұрмысқа шықты.

новый коллаж

Әйгерім Көкеева

Ерлан Көкеевтің тұңғышы

Жуырда отандық бағдарламалардың бірінде Ерлан мен жұбайы отбасындағы қиындықтарын бөлісті. Осы күнге дейін балалары артық салмақ салдарынан қатты қиналып келген екен. Десе де, әншінің үлкен қызы Әйгерім едәуір салмақ тастаған. Қазір әлеуметтік желідегі парақшасында үнемі адамды жігерлендіретін суреттер бөлісіп отырады. Мұнымен қатар, ән салып, бос уақытында бет әрлеумен айналысады.

36c15dc67441b1f2c0b38221d04

Арай Дүйсен

Арман Дүйсеновтың қызы

16 жастағы бойжеткен Арман Дүйсеновтың қызы. Арай қолы қалт етсе торт пен түрлі тәтті пісіргенді ұанатады. Мұнымен қатар, жуырда шоу бизнес әлеміне қадам басқан болатын. Осы уақытқа дейін талантты актриса ретінде бірнеше бейнебаянға қатысып үлгерген.

7fe17115aa871b83037c28c346d

Аружан Бақытжан

Әсел Ақбарованың үлкен қызы

Тележүргізуші әрі актриса Әсел Ақбарованың қызы. Жуырда алғашқы әнінің тұсауын кесіп, қалың жұртқа өзін әншілік қырынан таныстырды. Лина Арифуллина академиясын тәмамдап үлгерген.


Жіберіп алмаңыз:

Лидо балаларымен өкпе қабындыратын вирус жұқтырып алды

Тұрсынбаева марқұм Оразәлінің балаларына әкелерінің бір әзілін айтып берді

Қазақстандық жұлдыздар балаларына қойылған ерекше есімдер (фото)

Қазақстандық жұлдыздар балаларымен мектепке барып, мерекемен құттықтады (фото)

Талқылау