Қазақстандағы педагогикалық ЖОО түлектері сертификаттаудан өтеді

Еліміздегі педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектерінің бәрі сертификаттаудан өтетін болады. Бұл туралы ҚР білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстандағы педагогикалық ЖОО түлектері сертификаттаудан өтеді

«Сертификаттау процедурасын биылдан бастап пилоттық режимде өткізгіміз келеді. Биылғы жылы педагогикалық ЖОО түлектерінің бәрін сертификаттаудан өткізуді жоспарлап отырмыз. Оның үстіне мұғалімдерге арналған ұлттық біліктілік тесті дайын. Биыл 33 мыңнан аса болашақ педагог оқу бітіреді», – дейді вице-министр.

Сонымен қатар Аймағамбетов алдағы уақытта еліміздегі барлық ЖОО түлектері сертификаттаудан өтетінін айтты. Алайда процедураны енгізу барысында бірқатар қиындықтар бар екенін атап өтті.

«Әзірше кәсіби стандарттарымыздың саны жеткіліксіз. Сертификаттау үшін арнайы орталықтардың дайындығы да жеткілікті болмай отыр. Дегенмен, бұл институт 2021 жылдан бастап жұмыс істейтін болады. Демек, 2021 жылдан бастап дипломның болуы жұмысқа орналасуға кепілдік бере алмайды. Дипломның болғаны жақсы, бірақ белгілі бір біліктілік алғаны туралы сертификат та әкелу қажет», – дейді Асхат Аймағамбетов.

Өз сөзінде вице-министр түлектерінің 50 пайызы жұмысқа орналаса алмаған ЖОО-лардың лицензиясынан айырылатынын ескертті.

«Бұл екі жайтты білдіреді. Нарықта бұл бағыттағы мамандар жеткілікті болғандықтан олар жұмыс таба алмайды не болмаса білім сапасының төмендігінен нарық оларды жұмысқа алмайды», – дейді ҚР білім және ғылым вице-министрі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар