Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы өмір сүруге ең қолайлы қала анықталды

Қазақстандағы өмір сүруге ең қолайлы қала ретінде Шымкент қаласы анықталған. Сауалнаманы OLX сервисі жүргізіпті.

achievement

Фото: shymkent.gov.kz

Шымкент қаласы 17,2 балл жинады. Екінші орынға – Павлодар (17) тұрақтап, үшінші орынды 16,8 балл жинаған Астана мен Алматы қалалары өзара бөліскен.

Қаланың инфрақұрылымдық дамуы – тұрғылықты жердің таңдау кезіндегі басты фактор. Бұл ретте сауал жүргізушілер басты үш өлшемді негізге алған: дүкеннің жақындығы, демалыс, спорт орындарының болуы және балаларға арналған инфрақұрылым. Қазақстандықтардың пікірі бойынша, ел астанасы бұл ретте бірінші орынға көтеріле алмаған.

Ең жайлы қаланы анықтау үшін 13 мыңнан астам анкетаға анализ жасалған. Сауалнамаға қатысушылар өз қалаларын 1-7 аралығындағы шкала бойынша бағалапты. Осы ретте Шымкент қаласы ең жайлы қала ретінде көп таңдалған.

Ал сауда нүктелерінің көптігі, қолжетімділігі бойынша Қостанай мен Рудный қалалары көш бастапты. Ал балаларға арналған алаңқайлар бойынша Шымкент пен Павлодар қалалары алдыңғы орында. Ал демалыс орындары бойынша тағы да Шымкент және Алматы шаһарлары алғы шепте.

Оқи отырыңыз:

Астанада төртемнің өмірге келуі ата-анасы үшін күтпеген тосынсый болды (фото, видео)

“Болашақ” бағдарламасымен оқуға аттанып ұшты-күйлі жоғалған Ержан Еліков АҚШ-тан табылды

Әйел балаларын пәтерге тоғыз күнге қалдырып кетіп оларды аштан өлтірген

Әнші Абай Бегей ауруханаға түсіп қалды

Талқылау