Қазақстандағы мәселені көтеріп, қазақ тілінде сайраған орыс жігіті елді тәнті етті (видео)

Әлеуметтік желіде қазақ тілінде еркін сөйлейтін орыс жігіті тағы бір мәселе көтерді.

Сергей есімді жігіт бұған дейін Қазақстанға қарсы сөз айтқан Атамбаевқа үндеу жолдаған еді. Бұл жолыҚазақстандағы ғылым мәселесін сөз етті.

“Ассалаумағалейкум, бауырлар! Бүгін бір күрделі мәселені көтергім келіп тұр. Бір аптадан бері ғылым саласына қатысты дау шығып жатыр. Біреулер менде ақша жоқ десе, енді бірі өзінің кінәсіз екенін айтып жатыр. Жалпы Қазақстанда ғылым дамымай келеді. Шетелдік ғалымдар өз жобаларын қомақты ақшаға кәсіпкерлерге сатады. Ал бізде мемлекеткке қарап отырады. Біреу қашан аузыма нан салып береді деп күтеді. Үлкен ағалармыз мұны түсінбейтін шығар. Бірақ жастардың пікіріне неге құлақаспайды”, – дейді ол.

Желі қолданушылары жігіттің ойын құптап жатыр. Бірі қазақша ағылып тұрған тіліне таңданды.

“Сергейжан жарайсың. Қазақ жерінің дәмін татып, суын ішкен, нағыз қазақи орыс жігіт”, “Дұрыс айтасың! Қолдаймын!”, – деп жазады желі қолданушылары.

Тағы да оқыңыз:

Діни ағымның жетегіне ерген ана екі баласын бірдей құрбандыққа шалды

Жігіт есірткі сақтағаны үшін ұсталып, қызына үйленуге ұсыныс жасады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар