Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы қоғамдық дәретханалардың біріне Жириновскидің есімін беру ұсынылды

Әркез даулы мәлімдемелер айтатын ресейлік саясаткер Владимир Жириновский Қазақстаннан өз атына көше берілуін сұрап, бұл қоғамда үлкен шу туғызды.

90522e605cba070e4e558ccb0d67d272_XL

Ол тіпті Алматыдағы өзі оқыған №25 мектепті Жириновский атымен атап, тұрған үйін музейге айналдыру керек деген пікір білдірген болатын.

“Ресейліктер Қазақстанға құрметпен қарайды. Оның арасында мен де бармын. Қазақстан – менің шағын Отаным. Алматыдағы Масанчи көшесіне менің атымды берсе қарсы емеспін. №25 мектепке де менің атымды беріп, мен тұрған үйді музейге айналдырса, тіпті керемет болар еді… Есесіне, болашақта сіздерге туристер келетін болады. Бұл сіздерге тиімді”, – деді В.Жириновский қазақ тілшілеріне берген сұхбатында.

13705205_1131989420198853_1478821894_n

Алайда әлеуметтік желі қолданушылары оның мұндай пікірлеріне жаппай қарсы шығып, жазбалар арнауда. Тіпті бірқатар қолданушылар қоғамдық дәретханалардың бірін саясаткердің есімімен атау керек деген ұсыныс та жасапты.

Талқылау