Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы «қауіпті өңір»: Тұрғындар адам өліміне апаратын дертті айтып шағымданды

Орал қаласына жақын маңдағы Сұлукөл кенті нағыз қауіпті мекенге айналған.

Тұрғындардың айтуынша, өңірде шірік жұмыртқаның иісіндей иіс жайлап, таңертең тұманданып тұрады. Су бетінде жанармайдың қабаты қалықтап жатады, деп хабарлайды “Уральская неделя”.

«Мен екі рет онкологиялық ота жасаттым. Өңірде онкологиялық дертпен, аллергиямен, бас ауруымен ауыратындар көп. Адамдар жасына қарамай өліп жатыр. Бабаларымыздың денесіне жара шығып, тұрақты түрде тексертіп жатырмыз. Су беті күлгін түсті болып тұрады. Таңертең малды өріске шығарғанда, тұманданып тұрады. Тіпті көлік көп деген Оралда ондай тұман жоқ. Бізде таза ауа, көліміз болғанына қарамастан осындай жағдай болып жатыр», – дейді тұрғын Юлия  Ильченко.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кентке газбен жабдықталған мұнаралар қойылған. Барлық зиян содан болуы мүмкін.

«Ақсай қаласынан адамдар келіп, тәуелсіз сараптама жасады. Олар суды ішу былай тұрсын, тұрмысқа пайдалануға болмайды деген. Ал, әкімдіктегілер «біздің рұқсатымызсыз сараптама жасауға кім рұқсат берді?» деп отыр. Адамдар ауырып жатыр, ал шенеуніктер жұмысын жоғалтудан қорқады», – дейді Николай Романов.

Ауыл тұрғындары өңірде құстардың жоғалып кеткенін, картоп шықпайтынын, ағаштардың өліп жатқанын айтты.

Сұлу көл округі әкімінің орынбасары Ғарифолла Баймукашева бұған қатысты пікір білдірді.

«Экологиялық комиссия құрылды, ауа мен суды тексеру үшін оларға хат жолдадық. Адам өлімі басқа жағдайдан болып жатыр. Аурудан, кәріліктен болып жатыр», – дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау