Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы «I’m a singer» жобасының көрерменіне көлік сыйға берілді

«31 арнадағы» «I’m a singer» жобасы аясында көрермендер арасында ойнатылған су жаңа автокөлік иесіне табысталды.

Жоба жеңімпазы Қайрат Түнтеков қатысқан финалдық ұтыс кезінде бақытты билет иесі  болған 21 жастағы бойжеткен жүлдесін алуға ата-анасымен, туыстарымен бірге келіпті,  деп хабарлайды 31 арна.

Болашақ дәрігер Әсел Сатыбалдиева көлік ұтып алғанына әлі де сене алар емес. Айтуынша, «I’m a singer Kazakhstan» жобасын отбасымен бірге алғашқы эфирден ақтық сынға дейін тамашалапты. «My singer» ұтысының жеңімпазы «31 арнаға» жүлдесін алып кетуге туыстарымен келді.

“Теледидардан көрген соң барлық туыстарымыз бізге звондап жатыр. Көріп, бәрі қуанып, олар да айтатын біз осындайға сенбейміз деп. Біз осы машинаны ұтып алған соң барлығы осындай жобаларға қатысамыз деп жатыр звондап”, – дейдіжеімпаз Әсел.

Жап-жас қыздың қомақты жүлде ұтқанына көпшілік күмәнмен қарапты. Алайда ұтыс әділ өтті деген ұйымдастырушылар ақтық ойынға 1000 билет қатысқанын айтты.

“«I’m a singer Kazakhstan» жобасы басталғанда біз жарыс жеңімпазынан бөлек «31 арнаның» адал да тұрақты көрермендерін марапаттағымыз келді. Сондықтан жобаны үзбей көрген әрі сұрақтарға жауап берген көрермендер арасында көлік ұтысын ұйымдастырдық”, – дейді менеджер Әсем Абраева,

Құжаттарға қол қойып, ұтыстарын рәсімдеген жеңімпаз қыз бен отбасы қуаныштары қойнына сыймай көлікті үйлеріне айдап кетті.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасын өзіне тартты: Назарбаев пен Трамптың қол алысқаны желі қолданушыларын қызықтырып қойды

Елбасының АҚШ-қа ресми сапары аясында құны 7 млрд доллардан асатын 20 келісім бекіді

Қазақ журналисі: Трамптың аксессуарымен тең тұру үшін елбасы 80 мың доллардың сағатын тақты-ау

Талқылау