Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Исекешев пен Байбек еліміздегі ең үздік әкім деп танылды

Барлығы  27 сарапшыдан, соның ішінде  саясаттанушы, қоғам қайраткерлері, блогерлері мен технологтар, журналистерден  жауап алынды.

1509318

Фото: Болат Шайхинов

Sayasat.org. сайты құрған тізімде Астана мен Алматы әкімдері көш бастап тұр.

Алғашқы үштікті Астана әкімі Әсет Исекешев, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бастап тұр.

Астана әкімі ЭКСПО көрмесіне дайындығының арқасында  осындай көрсеткішке жетті. Сарапшылар Исекешевтің қысқа уақытта көп жұмыс тындыра алатынын айтады.

Бауыржан Байбек қаланы жаңғыртуға бар күшін салуда.  Алматылықтар әкімнің тарапына жақсы пікір айтады.

Төртінші, бесінші, алтыншы орынды Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, ШҚО әкімі Даниял Ахметов жалғастырды.

ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев 7-орынға шықты.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов 8-орында. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов 9-орында.

10-орында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев, 11-орында Ақмола облысының әкімі Малик Мурзалин, 12-орында БҚО әкімі Алтай Кұлгинов, 13-орында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғайев тұр.

Соңғы үш орынға Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов , СҚО әкімі Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов шықты.

Тағы да оқыңыз:

АҚШ елшісі Астана күнімен қазақ тілінде құттықтау жолдады

Қарағандыда белгісіз біреулер ауру әйелді жұмысқа салып, мазақ етіп келген (фото)

Телегония: Алғашқы жақындасқан еркектің әйелге әсері жайында шариғат не дейді?

Бақытбек Есентаев түрмеде жазасын қалай өтеп жатыр?

Талқылау