Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ең ұзын алма бәліші Талдықорғанда пісірілді

Бүгін талдықорғандықтар қала күнін ерекше сән-салтанатпен тойлауда. Қала қонақтары мен тұрғындарына ерекше тарту 100 метрлік алма бәліші болды. Ұзындығы 100 метр, ені 40 см болатын тәтті тағамнан алғашқы болып Алматы облысының әкімі Амандық Баталов дәм татты.

20161001134125

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Дәмі тіл үйіретін тәтті бәлішке 450 келі алма, 390 келі ұн, 117 келі қант, 90 литр сүт, 70 келі май, 5 келі ашытқы және 300 жұмыртқа пайдаланылды”, – дейді ұйымдастырушылар.

20161001134138

Алма бәліші “Талдықорған бақ қала” фестивалі аясында әзірленді. Айта кетейік, бүгінде ғалымдар алманың отаны Қазақстанның Алатау бөктері екенін дәлелдеп жатыр. Әлемдегі алма атаулысы сиверс алмасынан (жабайы алмадан) тараған. Қазір жер жүзіндегі сиверс алмасының 68 пайызы Алматы облысында. Осыған байланысты “Талдықорған бақ қала” жобасының мақсаты осы сиверс алмасын көбейтуге үлес қосу.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында қала әкімдігі Тәуеліздіктің 25 жылдығына 25 мың түп ағаш отырғызу акциясын бастаған болатын. Бұл шара кейіннен “Талдықорған бақ қала” жобасына ұласты. Оның аясында бүгінге дейін шаһарда 38 мың түп көшет отырғызылды.

Оқи отырыңыз:

Ұзынағаштағы мал базарында түрлі-түрлі қылмыстық оқиғалардың беті ашылып жатыр

Сыра ішіп отырған қазақ қыздардың бейәдеп әңгімесі жұртты шошытты (видео 18+)

Ақшамен туфлиін сүртіп тастай салған жігіттің әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды (видео)

Аспаннан алтын мен 500 евро жауған сыған тойы желіде хитке айналды (видео)

6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады

Талқылау