Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ең қымбат футбол клубы белгілі болды

Немістің Transfermarkt сайты жаңа жылда қазақстандық футболшылардың да құнын анықтаған екен. “Астана” футбол клубының бағасы екі есеге өсіп, 16 млн евроны құраған. 

1446451445-370

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Одан кейінгі ең қымбат құрам атанған “Қайрат” – 12 млн евро және “Ақтөбе” – 9 млн евро. “Атырау” және “Ертіс” клубтарының бағасы 7 млн евроға жетіп жығылыпты. “Ордабасы” мен “Тобыл” – 6, «Оқжетпес», «Шахтер» және«Жетісу» – 4, ал “Тараз” бен “Ақжайық” – 3,7 және 2 млн евроға сай келген.

Теңгенің құлдырауы әсерінен қазақстандық клубтар да жалақыны қысқартып, есесіне көптеген футболшыларын трансферлік сатылымға шығарып жатыр. Мәселен, “Ақтөбенің” былтырғы маусымдағы бюджеті 2 млрд теңгені құраған, осыған орай ойыншылар да ірі көлемдегі айлық алған.

Мысалы, Данило Неко айына 67 мың долларды қалтасына басқан. Маркус Пиззели – 61 мың доллар. Енді облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен “Ақтөбе” ойыншыларының ең көп жалақысы 3 миллион теңгені құрамақ. Бұл өз кезегінде пайдасы аз легионерлерден арылып, өзіміздің жас таланттарымыздың көзін ашуға мүмкіндік береді.

0d46a2016c714eb972d022afe5de9aa3

Өткен маусым соңында Қазақстан футбол федерациясының басшысы Ерлан Қожағапанов, алда дағдарыс келе жатқанын ескертіп, клубтар бюджетке арқа сүйемей өз таланттарын тәрбиелеу керектігін айтқан болатын.

Бұл ретте Чемпиондар лигасының іріктеу және топтық кезеңдерінде сәтті өнер көрсеткен “Астана” 16,7 млн доллар сыйақы алып өз есептерін түгелдеп алды. Бұл клубқа жаңа мықты ойыншылар сатып алуға мүмкіндік береді. Бірер күн бұрын 22 жасар хорватиялық шабуылшы Дражен Багарич командаға қосылды. Хорватиялық БАҚ-тың жазуынша, трансфер құны 1 млн евроны құраған.

photo_61660

Багарич бойы ұзын (193) және өте талантты футболшы. Бұған дейін “Сплит” клубында ойнаған. Мұндай ойыншыларды бір-екі жылдан соң сатқан күнде де қазынаға кем дегенде 4-5 млн евро түсіп, зиян шектіре қоймайды. Әрине, егер олар жасыл алаңда өздерін жақсы көрсете алса. Ал Багарич қазір Абу-Дабиде “Астанамен” бірге жаттығып жүр.

Талқылау