Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ең көп балалы ауылдың тұрмыс-тіршілігі

Оңтүстік Қазақстан облысының небәрі бір ғана ауылында 300 көпбалалы ана тұрады. Бұл ауылдың әр отбасында бірнеше «Алтын алқа» иегерінен бар.

13254-3

Фото: egemen.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

«Алтын алқа» иегерлерінің бірі 70 жастағы Дархан Мейірбекова 7 ұл-қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінде 23 немересінің қызығын көріп отыр. 50 жыл отасқан күйеуімен Дархан апа пединститутта оқып жүрген кезінде танысқан.

«Қасымызда әкеміз де, шешеміз де болған жоқ. Балаларымызды өсіміз өсірдік. Таңертеңнен түске дейін күйеуім мектепте жұмыста болса, мен балаларға қарайтынмын. Ал түстен кейін керісінше ауысатынбыз. Осылайша бір-бірімізге қолғабыс еттік», – дейді көпбалалы ана Дархан Мейірбекова.

Аталмыш отбасында тағы бір «Алтын алқа» иегері бар. Ол – Дархан апаның келіні, 36 жастағы Шынар Смағұлова. Оның да жеті перзенті бар. Үлкен қызы студент болса, ең кіші баласы небәрі бір айлық.
«Кішкентай балаларымды өзіммен бірге бала-бақшаға алып кететінмін, ал үлкендері мектепке барады. Анам үйде, сондықтан аса қиындық тумайды. Анамыз бен әкеміз мектепте жұмыс істегендіктен, бала тәрбиелеудің қаншалықты ауыр екендігін олар түсінеді», – дейді Шынар Смағұлова.

Боралдай ауылдық округінде көпбалалылық – қалыпты дүние. Аталмыш елді мекенде осындай 561 отбасы бар. Оның 287-сі Боралдай ауылында тұрады. Ал жалпы тұрғын саны небәрі 3 мың адам. Осыған қарап-ақ, бұл ауылдағы әрбір ананың көпбалалы екенін топшылауға болады. Тек олардың басым бөлігі зейнеткер аналар.

Мәселен, тағы бір «Алтын алқа» иегері Ұлжалғас Қаржауова көпбалалы ана ғана емес, сондай-ақ, көпбалалы әже. Алтынқұрсақты ана немерелерінің есімдерін ұмытып қалатынын мойындады. Онысы заңды да. Себебі оның 40 немересі мен 3 шөбересі бар.

«Күйеуіміз екеуміз 44 жылдан бері біргеміз. Алла 10 перзент сыйлады. Әрқайсысын мақтан тұтамын, мектепте де жақсы оқыды, табысқа да жетті» – дейді көпбалалы ана әрі әже.

Айта кететін жайт, Ұлжалғас апаның екі бірдей қызы да «Алтын алқаға» қол жеткізген. Олардың әрқайсысында 7 баладан бар.

Жіберіп алмаңыз:

Босанған ана мен сәбидің таңғажайып аман қалуы: отаны Қазақстандық дәрігерлер жасағанкөпбалалы екі отбасы далада қаңғып қалды

Қазақстандықтарға жеке куәлігін ауыстыруға тура келуі мүмкін

Тест. Қазақстанның қай қаласында тұрғаныңыз дұрыс?

Халық: Чемпионға – $250 000, ал көпбалалы ананы алқамен алдаймыз

Талқылау