Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ең ірі сауда-ойын-сауық орталығы көне Таразда салынып жатыр (фото)

«Taraz Mall» сауда-ойын-сауық орталығы тек Қазақстанда емес, бүкіл Орта Азиядағы  ең ірі ультразаманауи сауда-ойын сауық нысаны болмақ, деп мәлімдеді Тараз қаласының әкімдігі.

20160210074123

«Taraz Mall» кешені бұрынғы «Қарахан» киім базарының аумағында 12 млрд. астам теңгені құрайтын жекеменшік инвестицияларға салынуда. Бұл инвестордың жеке және қарызға алған қаражаты. Мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде, құрылыстың аяқталуы 2017 жылға жоспарланған», – деп түсіндірді Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеров.

Сауда-ойын-сауық кешенінің 5 қабатты ғимаратының аумағы – 55,3 мың шаршы метр. Мұнда 635 көлікке есептелген жерасты және жер бетіндегі көлік тұрағы қарастырылған.

Келушілер үшін сауда залдары, мұз айдыны, кинотеатрлар, бассейн, мейрамханалар, боулинг, бильярд, спорт кешені, балаларға арналған ойын алаңдары, SPA-салондар, мәжіліс залдары, қонақүй нөмірлері ашылады.

Мұнда тәулігіне 5 мыңға дейін адам келеді деп есептелген. Жаңа сауда-ойын-сауық орталығы шамамен 1 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

20160210074119201602100741332016021007412820160210074114

Талқылау