Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы дәріханаларда балаларға арналған мүшеқаптар пайда болуы мүмкін

Қазақстанда дәріханаларда балаларға арналған мүшеқаптар сатылуы мүмкін. Психологтардың айтуынша, тауардың бұл түрі 12 жастан асқан, жыныстық қатынастар тәжірибесі бар балалар үшін аса қажет екен.

prezervativ-0050

Бұл туралы “Время” басылымы хабарлайды.

Психолог Ирина Терентьева ата-аналар мен мұғалімдер қанша ыңғайсыз болса да балалармен секс тақырыбында әңгімелесіп,оның маңыздылығы туралы сөз қозғалуы тиіс дейді. Біз балаларға оның қалай пайда болғанын айтуымыз керек. Әрине, бұл әңгімені біз оның жасына сай деңгейде түсіндіріп беруіміз қажет дейді психолог.

“12 жастан асқан балалардың 70 пайызы секспен айналысады. Үлкендерге арналған мүшеқаптар диаметрі жағынан үлкен айырмашылық береді. Ал ұзындығы стандартты 190 мм”, – дейді Терентьева.

Оның сөзінше, гинекологтар да қыздарға жүктіліктен қалай құтылуыға болатынын түсіндіріп берулері тиіс.

Өзінің тәжірибесінде көргені ең жас әке 15 жаста болыпты. Ал оның серіктесі одан бірнеше жас кіші болған.

“Қыз да сақтана алмаған. Тиісінше жігіт мүшеқап пайдаланғанымен көлемі жағынан оған сай келмей, ақыры қыз жыныстық қатынасы нәтижесінде жүктілікке ұрынды. Егер, оған сай келетін мүшеқап болса, оның әке болу уақыты әлдеқайда кешігетін еді”, – дейді психолог.

Маман сондай-ақ, балалар мен қыздар арасында гигиеналық тазалық шараларын күшейту керек деген пікірде. Психолог Терентьева өзі де, ұжымы да әркез балалар мен ата-аналарды қабылдап, кеңес беруге әзірміз дейді.

Талқылау