Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы бензин дағдарысы қашанға дейін жалғасады?

Қазақстандық депутаттар жанармай тапшылығының орын алуына ешқандай салмақты себеп жоқ деп санайды. Бекеттерде неге жанармай жоқтығын тексерген монополияға қарсы органдар мәселенің ақ-қарасын ашып көрмек. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Қазір Алматы қаласында АИ-92 бензинін табудың өзі мұңға айналған. Тапқан күнде де кей жерлерде 162 теңгеден сатылып жатыр.

“Басқа жерде жоқ. Көпшілігі “Қазмұнайгазда да” жоқ деп айтып жатыр. “Гелиоста да” солай. Қай жерден тоқтап құйып аларымызды білмейміз”, – дейді жүргізушілер.

Жағдай Астанада да оңбай тұр. Мұнда да ұзын-сонар кезек. Тек талонмен ғана сатып алуға болады. Жанармай жетіспеушілігі еліміздің басқа өңірлерінде де байқалады. Бірақ, мұның себебін ешкім түсіндіріп бере алатын емес. Депутат Мәулен Әшімбаев жанармай бекеттері бензинді әдейі жасырып отыр дейді.

“Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы тұрақтала бастаған кезде осындай жағдай болып отыр. Негізінен бағаны осылай көтеру арқылы біздің өндірушілер өздерінің табыс көлемін арттырып алғысы келеді. Менің көзқарасым бойынша, бұл белгілі бір шеңбер арқылы ақша тапқысы келетіндердің істеп отырғаны. Бұл жағдайды үкімет бақылауға алып, бір шешімін шығаруы тиіс”, – деді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев.

Қазір антимонополистер тексеріске кірісіп кетті. Егер расында бензинді жасырып отырғандары дәлелденсе, онда оларды ірі көлемдегі айыппұлдар күтіп тұр. Дегенмен Атыраудағы мұнай өңдеуші зауыт Аи-92 бензині өндірісін 14 тоннаға дейін ұлғайтпақ. Мұндай жағдайда басқа маркалы бензин көлемі азайтылады.

“Ресей Федерациясынан жасалатын тасымалдың арқасында қысқа мерзім ішінде өңірлердегі проблема реттеледі деп ойлаймын”, – деді ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауов.

Әзірге мамандардың айтуынша, еліміздегі жанармай жағдарысы желтоқсанда аяқталуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Мәңгүрт әншілер мен әндер: Танымал журналист “Шудың бойында” әнін сынап тастады

Балабақша күзетшісі 4 жасар балаларды тірідей өртеп жіберді

Психоаналитик: Бір кездері Сталин мен Гитлер де Димаш сияқты танылған еді

Ішіне жын кірген: Тойда “жын ұрғандай” билеген әйелдің ерсі әрекеті елді шошытты (видео)

Талқылау