Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы белгілі үш автожол биылдан бастап ақылы болады

Қазақстандағы үш белгілі автожолға биылдан бастап ақылы жүйе енгізіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170125192557

“Биылғы жылы Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас жолдарына ақылы жүйе енгізілмек. Сондай-ақ, 5 мыңнан астам автомобиль жолдары ақылы жүйе жобалауына енгізіледі. Бұлар “Батыс Европа – Батыс Қытай” халықаралық дәлізі, РФ шекарасындағы Шуцинск-Петропавл, РФ шекарасындағы Астана-Қостанай, РФ шекарасындағы Ақтөбе-Орал, РФ шекарасындағы Павлодар, РФ шекарасындағы Орал, Өзбекстан шекарасындағы Ақтау-Бейнеу, Атырау-Доссор-Бейнеу жолдары”, – деп хабарлады “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Темірхан Меңдіғалиев.

Оның айтуынша, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Астана-Шуцинск жолындағы ақылы жүйеден 1 млрд 251 млн теңге түскен. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 108 млн-ға көп.

Бұл бағытта бір тәулікте 7 мың автокөлік жүйтки алады.

Талқылау