Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы барлық балабақша кезектері ортақ жүйеге біріктірілетін болды

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев балабақшадағы орындарды бөлудегі жемқорлықпен биліктің қалай күресетіндігін айтып берді.

899843

Фото: Public Domain

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Балабақшаға кезекке тұруды реттеп, жемқорлыққа жол беретін мүмкіндіктерді жою керек. Ол үшін республика бойынша барлық кезектерді біріктіріп, балаларды балабақшаларға бөлуді электронды үкімет деңгейінде автоматтандыру қажет”, — деді Сағадиев мәжілістегі үкімет сағатында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта әр түрлі облыстар мен қалаларда балабақша кезектерімен әкімшіліктер айналысады.

“Негізінде “Балапан” бойынша бүкіл қаражатты балабақшаның ақысы ретінде ата-аналарға беру керек. Яғни, ЖОО-на грант берген секілді, ата-аналарына ұсынылуы тиіс. Сол кезде олар ең үздік ұйымдарды таңдап, мемлекеттік тапсырыс та сол бойынша жасалады. Балабақшаның мемлекеттік немесе жеке меншік болуы маңызды емес”, — дейді министр.

Сағадиев бұл мақсаттардың орындалуы оңай емес екендігін мойындағанымен, бір жылда қол жеткізуге болады деді.

Оқи отырыңыз:

Алматының пәк қыздары желіде бүркеншік атпен топ ашып алған

Қазақстанның бірнеше облысында республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды

Қостанайда жоғалған әйелді күйеуі, досы мен күйеубаласы өлтіргендерін мойындады

Павлодар облысының әкімі Наурыз мейрамын сәуір айына ауыстыруды ұсынды

Талқылау