Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы 27 қазақ-түрік лицейі жаппай тексерілетін болды

Бұл мектептерге қатысты мәселеге Нұрсұлтан Назарбаев та  араласып, Түркияға барған сапарында арнайы мәлімдеме жасаған болатын, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

1362652706_13-

Сурет: obuchenie-rk.com 

Оның үстіне Режеп  Ердоған келіссөз үстінде түрік діндары, оппозиционер Фетхуллах Гүленмен байланысты делінген еліміздегі білім ошақтарының тізімін ұстатқан.

Алайда Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президентіне тым асығыс шешім шығаруға болмайтынын сыпайы түрде түсіндіріп берді. Өйткені қазақ-түрлік лицейлері мемлекетке бағынышты. Сондықтан жабу туралы бір сөз айтпаған елбасы әуелі мәселені байыппен шешу керектігін жеткізді.

Бірақ Ердоғанның өтінішін жерге тастамай, мақтаулы лицейлерді Қазақстан мен Түркияның білім министрлігінен арнайы құрылатын комиссияға тексертуге рұқсат етті.  Қазір қос мемлекеттің мамандары жасақталып жатыр. Комиссия лицейлердегі оқу процесін, кітаптарын және шын мәнінде Гүлен ілімі таратыла ма, жоқ па, соны анықтамақ.

Бұған дейін елімізде мақтаулы қазақ-түрік лицейлері жаппай жабылуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз. Білім министрлігі қазақ-түрік лицейлерінің жабылуына қатысты пікір білдірген еді.
Талқылау