Қазақстандағы үй бағасы ең арзан және ең қымбат қалалар

Бейсенбі, 26 Қаңтар , 2017 16:08

Жаңадан салынған тұрғын үй кешендерінің ең қымбат құны Астана, Атырау мен Алматы қалаларында тіркелді, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170126141240

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, өткен айда Астанадағы бір пәтердің орташа құны шаршы метріне 338 мың теңгені құраған. Бұл жаңа үйлердің жалпыұлттық орташа бағасынан 136,8%-ға жоғары.

Атырауда – 326 мың теңге (131,9%-ға жоғары), Алматыда – 304 мың теңге (123,1%).Өз кезегінде Астанада орташа жалақы 207 мың теңге көлемінде тіркелсе, Атырауда – 279 мың теңге, Алматыда – 174 мың теңге.

Жаңадан салынған ең арзан тұрғын үйді Жезқазғанда және Талдықорғанда сатып алуға болады, онда шаршы метрі 90 мың теңгеден саудалануда, Таразда – 116 мың теңге. Аталмыш бағалар «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында салынып жатқан пәтерлердің бағасы. Айта кетейік, Қарағанда облысында орташа жалақы – 123 мың теңге, Алматы облысында – 102 мың теңге, Жамбыл облысында 94 мың теңгені құрайды.

Жалпы республика бойынша, 2016 жылдың желтоқсан айында алдынғы аймен салыстырғанда пәтер құны 0,3 пайызға, 2015 жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға төмендеген. Баспана құны Шымкентте – 24 пайызға, Ақтөбеде – 13,7 пайызға, Семейде – 11,9 пайызға, Көкшетауда – 11,8 пайызға күрт түскен.

Жіберіп алмаңыз:

Ойда-жоқта қолы мен аяғына Алланың аты жазылған қызылордалық қыздың оқиғасы (фото)

Жол ережесі үшін салынған айыппұлдарды қалай мүлде төлемеуге болады?

Алматыда тастанды қызды бауырына басқан келіншек істі болып жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
15.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар