Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандағы митингілер: Бас прокуратура полицейлер әрекетінің заңдылығын тексеруде

2019 жылдың 9, 10, 12 маусымы аралығынд Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы полиейлер әрекеттерінің заңдылығын тексеру басталды. Бұл туралы бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде журналистерге берген сұхбатында айтты. 

Қазақстандағы митингілер: Бас прокуратура полицейлердің әрекетінің заңдылығын тексеріп жатыр

Атап айтқанда, әлеуметтік желілерде жарияланған видеолар қайта қарастырылады.

Сонымен бірге Нұрпейісовтің айтуынша, бұл фактілерге сәйкес, азаматтардан бас прокуратураға ешқандай шағым түспеген.

Бұған дейін бас прокуратура өкілдері Қазақстан астанасы мен Алматы қаласында 957 адамның қамауға алынғаны, олардың 670-сінің тұтқынға алынғаны, 115-і айыппұл салынып, 172 адамға ескерту жасалғанын мәлімдеді.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда 80 адам, Алматыда 100 адам ұсталды. Сот шешіміне сәйкес, 311 адам босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, 9, 10 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматыда заңсыз митинг өткізілді. Осы екі күн ішінде ҚР ІІМ-нің хабарлауынша, шамамен 700 адам ұсталды. Сонымен қатар тәртіпсіздік кезінде үш полиция қызметкері зардап шекті.

12 маусым күні Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наразылық аймағында болған жазықсыз адамдардың босатылуын талап етті.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр