Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда үйсіз жүргендердің статистикасы сарапшылардың күдігін туғызды

Қазақстанда екі жарым миллион адам, яғни халықтың 14 пайызы баспанаға мұқтаж. Бұл ресми статистика. Бейресми дерек одан да көп дейді. Бұл туралы КТК хабарлайды.

ochered-na-kvartiry-v-kazakhstane

Жалпы, халықты баспанамен қамтамасыз ету бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының стандарты бар. Оған сәйкес, елдің әрбір тұрғынына 30 шаршы метр тиесілі болу керек. Ал оған жету үшін елімізде жылына адам басына 1 шаршы метр баспана салынуы керек. Соның өзінде бүкіләлемдік ұйым стандартына ең жақын дегенде 2035 жылы жетеді екенбіз.

Биылдан бастап тұрғынүй қорын жылына 5 пайызға арттырып отырсақ, 2030 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының стандартына жетеді екенбіз. Бірақ, біздегі құрылыс қарқыны әлдеқайда төмен. Соңғы жылдар бедерінде орташа көрсеткішпен 0,7 пайызға ғана өсіп келеді.

Егер жыл сайын салынатын баспана көлемін мұқтаж адамдарға шағатын болсақ, 1 шаршы метрге жетпейді. Мәселен, 2015 жылы пайдалануға берілген жаңа баспаналар қорын әрбір үйсіз жүрген адамға үлестірсе, 0,51 шаршы метрден ғана тиеді екен. Былтыр 0,59 шаршы метрді құрапты. Биыл 0,63-ке жеткіземіз деген жоспар бар.

Жыл басынан бері 7 ай ішінде елімізде 6 миллион 200 мың шаршы метр баспана салыныпты. Оның басым бөлігі қалада екені түсінікті. Тек қала аумағында салынатын баспана көлемі былтырғы жеті айға қарағанда биыл миллион шаршы метрге жуық арта түскен. Есесіне, ауылдық жерлерде айтарлықтай аз.

Баспанаға мұқтаж адамдар қатарының көп екенін нарық сарапшылары да растайды. Тек ресми ақпаратта айтылғандай 2 жарым миллион емес, одан да көп екен.

“Біздің есептеуіміз бойынша, екі жарым миллион деген біршама азайтып айтылған дерек. Шынтуайтына келгенде 3 миллионға дейін барады. Өйткені, Астана мен Алматыда құрылыс қызып жатқанымен, аймақтарда ондай қарқын жоқ. Жұртқа баспана жетпейді. Алматының өзінде тіркеусіз жүргендер қаншама”, – дейді Homesters.kz сайтының сарапшысы Наталья Лутченко.

Дегенмен, баспана құрылысы нарығында мемлекет белсенділігі артып келеді. Оны мына деректерден көруге болады. Осы салаға құйылған жеке қаражат көлемі былтырғыға қарағанда 22 миллиард теңгеге кемісе, мемлекет керісінше 2 есеге арттырған. Шетелдік инфестиция да 8 миллиард теңгеге өсіпті.

Әлгі айтылған адам басына 1 шаршы метр деген межеге мемлекет тез қол жеткізгісі келіп отыр. Ол үшін құрылыс кенжелеп тұрған ауылдық аймақтарға жете мән бермекші. Сөйтіп, келер жылдан бастап «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында баспананың басым бөлігін қалада емес, ауылда салуды жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз:

Астана әуежайында құны жарты миллиард теңгеден астам бір қап алтын тәркіленді

Тоқтар Әубәкіровтың туған жеріне апарған сыйын полиция өткізбей қойды

Ақтау көшесінде қарумен жүріп жұртты шошытқан жігіт 7 жылға сотталуы мүмкін

Шымкентте перзентхана қызметкерлері шетінеген шақалақтың ата-анасына басқа баланың мүрдесін беріп жіберген

Талқылау