Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда үштілді оқыту жүйесі тоқтатылмайды

Астана қаласындағы №75 мектеп гимназияда өткен соңғы қоңырау салтанатты шарасына қатысқан Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева еліміздегі мектеп оқушыларын үш тілду оқыту жүйесі жоспарлы түрде жүргізіліп жатқандығын айтты.

пта

Бұл туралы baq.kz хабарлайды

“Үштілді оқыту мәселесі жоспарлы түрде жүріп жатыр. Бұл өзі 2019-2020-шы оқу жылының үлесі. Қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы, яғни, алдағы қыркүйек айынан бастап бірінші сыныпқа балаларымыз жаңартылған бағдарламамен келеді. Оның ішінде өздеріңіз білетіндей, тек 2013 жылы балаларымыз бірінші сыныпты ағылшын тілімен оқып бастаған. Қазір ол балалар үшінші сыныпты бітірді. Енді төртінші сыныпқа өтеді. Осылайша, барлығы да жоспарлы түрде ұйымдастырылып, жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік, жуырда ғана Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы үш тілді оқыту мәселесінен кейін халықтың көңілі өзгеріп кеткендігіне қатысты айтқан пікірі БАҚ беттерінде қызу талқыланған болатын. Одан кейін осы ойға қатысты министр А. Мұхамедиұлы арнайы түсініктеме беріп, өзінің көзқарасын Мемлекет басшысының үш тілде білім беру мәселесіне қатысты айтқан сөзімен ұштастырған еді.

Талқылау