Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу мопед жүргізушілеріне де міндетті болды

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу мотоцикл, скутер, трицикл, квадроцикл және мопедпен жүргізушілеріне де міндетті болды.

f5d8a6cs-960 (1)

Сурет: www.drive2.ru 

Бұл туралы ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінде мәлімдеді.

«Жол жүру ережелері» заңына сәйкес, мотоцикл, скутер, трицикл, квадроцикл жән мопедпен 50 км/сағат жылдамдықпен 125 куб.см-ден асырмай ең жоғарғы қуатымен 11 киловаттан аспай айдайтын жүргізушілерге «А1» және «А» жүргізуші куәлігін алуы міндеттеледі. 125 куб.см көлемінен жоғары қозғалтқышта олар «А» деңгейіндегі куәлік алуы тиіс.

Заң бойынша «А1» деңгейін 16  жасқа толғандар, ал «А» деңгейін 18 жсқа толғандар ала алады.

«Жүргізуші куәлігі бар жүргізушілер, автотранспортта жүргізу құқығын берушілер мен «А», «А1» деңгейін алам деушілер жүргізушілер дайындайтын бөлімшелерден сабақ алу тиіс. Сондай-ақ, полиция әкімшілік бөлімшелеріне сәйкес келетін теориялық және практикалық емтихан тапсыруы керек», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мототранстпорт иелері мемлекеттік тіркеуде өтіп, көлігін әкімшілік полицияның есебіне қойып, мемлекеттік нөмір алуы тиіс.

Мемлекеттік тіркеуге 50 км/сағат жылдамдықтан аса жүретін мотоциклдер, скутерлер, трициклдер, квадроциклдер мен мопедтер жатқызылады.

Айта кетейік, жыл басынан бері мотоцикл жүргізушілерінің кесірінен 14 жол-көлік оқиғасы болып, 4 адам қаза тапты. 17 адам әр түрлі деңгейдегі ауыр жарақаттар алды. Апаттың көпшілігі (9) ОҚО-да тіркелген.

Талқылау