Қазақстанда жынысын ауыстырған әйел-трансгендерді ерлер түрмесіне отырғызуы мүмкін

Сейсенбі, 22 Қараша , 2016 13:06

Жынысын әйел етіп ауыстырған трансгендерді ерлер түрмесіне отырғызуы мүмкін. Ол жынысын ғана өзгертіп қоймай әйел омырауын салып, шашын өсірген.

5618edb59a2fe19ac9e3a4157de5d7cf

Тек құжаттары ғана ер адамның атында. 26 жастағы Хасан құжаттарын реттеп үлгермепті. Қазір түзеу мекемесінде ауыр қылмысқа қатысты күдікті ретінде ұсталып отыр, деп жазады  “Открытая Азия онлайн”.

Азалия мен Кристинаны (есімдері өзгертіліп берілді) пластикалық ота жасаушы хирург таныстырды. Кристина Азалиямен танысқан соң сенімділігі артып, әйел болуға нақты шешім қабылдайды. Олар ота жасатқан соң құрбыға айналады. Көпке дейін бірге жүреді. Алайда араларына Бауыржан араласқан соң екеуінің достығы үзіледі.

Қылмыстық іс бойынша екі құрбының жауабы әр түрлі. Кристинаның айтуынша,  Бауыржан оған демеуші болып, отасы мен құжатын жасауға ақша беретін болған. Ол үшін Кристина онымен төсек қатынасына барған. Ал, Азалияға осы жайлы айтқанда ол ешқандай ақша алмайтынын, оның қызы өзі екенін айтыпты. Кейін Бауыржан із-түзсіз жоғалып, ешқандай ақша туралы әңгіме болмайды.

Ал, Азалияның нұсқасы бойынша, Кристина Бауыржанның телефон нөмірін тауып алып оның әрекеттері жайлы әйел, бала-шағасына жеткізетінін айтып қорқытқан. Бауыржанның өздерімен де, басқа қыздармен де төсектес болып жүргенін айтпақ болған.

«Азалия ақырында отаға қажетті ақшаны өзі тауып беретін болды. Маған бастысы ақша керек болды. Ақшаны кімнің беретіні маңызды болған жоқ. Бірақ, кейін ол ешқандай ақша бермейтінін айтты», – дейді Кристина.

Кейін Азалия Қристина өзінің бұрын ер адам болғанын достары мен таныстары айтпақ болып қорқыта берген соң полицияға арыз жазады. Осыдан соң екеуі тергеу ісінде жауап беруде.

«Бұл адам ерекше ауыр қылмысқа күдіктеліп отыр. Ол үшін заң бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады», – дейді тергеу төрешісі Олжас Күреңбеков.

Кристина жынысының ауыстырғаны жөніндегі анықтама қағаздарын құжатын ауыстырғанда бірге өткізген. Алайда, оған өзінің ер адам есімі бойынша құжат беріледі. Ол жынысын ауыстыруға қажетті құжаттарды толық өткізбеген. Ал, Азалияның құжаттары әйел атына жазылған.

Егер ол сотта кінәлі деп танылса, заңгерлер оны қай түрмеге жіберуін білмей дал болады. Өйткені, құжат бойынша ер адам деп тұрғанымен, сырт келбеті әйелдікі. Құқық қорғау органдары мұндай жағдаймен алғаш рет бетпе-бет келіп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Орта Азияның ең сұлу моделі атанған 27 жастағы ана бес баласын жалғыз асырап отыр

Сағадиев: ҰБТ-да талапкерлер 120 сұрақтан 140 балл жинап шығуы тиіс

Қанат Бозымбаев сүйінші сұрады

Ақмола облысында ауыл маңында аяздан тағы бір әйел үсіп өлді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
18 күні 18 сағат кері

Өлсін бұндайлар. Ерлер түрмесіне жіберу керек педиктерді

Анонимно
18 күні 19 сағат кері

Ту не дит дым тусинбедикко не ушин сотталып жатырр

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар