Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жұмыссыздарды Еуропа елінде қолданылатын жұмыспен қамту қолға алынды

Жұмыссыздар үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Еуропаның дамыған елдерінде қолданылатын жұмысқа орналастырудың жеке картасы әзірленетін болады.

x

Бұл туралы бүгін Сенатта «Жұмыспен қамту туралы» жаңа заң жобасының таныстырылымы барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

«Заң жобасы арқылы жұмыссыздық статусын берудің үдерісі арқылы жұмыссыздарды формальды тіркеуді жою көзделеді. Бұл ретте жұмыссыздық туралы статус тек ол адамға лайықты жұмыстар табылмаған жағдайға ғана берілетін болады», – деді министр Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздар үшін әртүрлі кәсіптер бойынша жұмыс берушілер ұсынатын мәліметтер базасынан бос жұмыс орнын табумен айналысады. Табылған жұмыс орындарына жұмыссыз адам жолданады. «Заң жобасына сәйкес, егер жұмыс іздеушіге лайықты келетін жұмыстар үшін оқыту қажет болса, онда жұмыс іздеушілер арнайы курстарға жолданады. Сонымен қатар, жұмыс іздеуші тұлға әрбір үш күн сайын өзі Халықты жұмыспен қамту орталығына барып тұруы тиіс. Осы арқылы оның белсенді жұмыс іздеп жүргені нақтыланады және ол нақтыланбаса онда он күн ішінде тұлға жұмыссыз статусын ала алмайды», -деді Тамара Дүйсенова.

Талқылау