Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жерді қалай сатады?

Елімізде біраз уақыттан бері жер сатуға байланысты көпшілік тарапынан наразылық болып жатқаны белгілі. Соған байланысты Қазақстан жерін сату мәселесі төңірегіндегі сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Безымянный

Сурет: kapital.kz 

Бұл туралы theopenasia.net хабарлайды.

Нендей оқиға болды?

Қазақстанның Атырау қаласында жерді шетелдіктерге сатуға қарсы рұқсат етілмеген митинг болды. Бұған себеп президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жер кодексіне 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап жер учаскелерін аукционға қою туралы шешімге қол қойғаны себеп болды.

Түзетулер қашан енгізілді?

Түзетулер 2015 жылдың 2 қарашасында енгізілді. Соған сәйкес, ауылшаруашылық жерлерді жеке меншік иелігіне сатуға болады. Жалға берушілерге учаскелерді өтеуде жеңілдіктер қарастырылған. Жалға алынған ауылшаруашылық жерін қолдануға шек қойылмайды.

Жерлер қалай сатылады?

Жер учаскелері аукционда құны көтерілген екі әдіспен қойылады. Егер осы уақытта сатып алушы табылмаса, жер құны 50 пайызға төмендетіледі. Егер бұл уақытта да сатып алушылар болмаса, учаске аукционнан алынады. Аукционға кез келген қазақстандық қатыса алады.

Мемлекет бюджет есебін жер сатылымынан түскен қаржымен толтыра ма?

Шындығында олай емес. Заң бойынша, жер сатылымынан түскен қаражат бюджет есебіне емес, Ұлттық қорға жібереді.

49 жылға жалға алынға жер учаскелерінің жағдайы қалай болады?

Ешкім мұндай жерлерді тартып алмайды. Жерді 49 жылға жалға беру Жер кодексі құрылған 2003 жылы енгізілген. 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап ондай жерлерге ешкім тиіспейді. Керісінше жалға беруші жерді қолайлы тәртіппен сатып ала алады. Ол үшін әкімдікке арыз жазуы керек. Келісім аукционсыз жүргізіледі. Мұндай жағдайда жер учаскесі 50 пайызға төмендетіледі. Сондай-ақ, жалға беруші жерді 10 жылға бөліп төлей алады. Төлеу кестесін жерді қолданушы өзінің ыңғайына қарай құрады. Бұл ереже мемлекеттік жерлерді жеке меншікке алатындарға қатысты.

Жер шетелдіктерге сатыла ма?

Шетелдіктер жерді алмайды. 2003 жылдан бері ауылшаруашылық жерлер шетелдік компанияларға 15 жалға жалға берілген. Алайда, 2015 жылдан бері бұл уақыт мерзімі 25 жылға ұзартылды. Мұның себебі елдегі ауылшаруашылық бизнесінің қаражатты қажет ететіндігімен түсіндіріледі.  Мамандардың айтуынша, мұндай жобалар негізінде 13-15 жыл ішінде орын толтыруға болады. Соған орай инвестордың салған ақшасын ақтау үшін және 10 жыл табыс таба алуы үшін мерзімі ұзартылды.

Жерді шетелдіктердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындардың сатып алуына бола ма?

2016 жылдың 1 шілдесінен бастап, бірлескен кәсіпорындар аукциондарға қатыса алады. Алайда, қазақстандық үлес 50 пайыздан жоғары болуы керек. Осындай фирмаларға ереже бойынша жүргізілгені жөнінде тексеріледі. Жер учаскелері бойынша аукционға шетелдіктер қатыса алмайды.

Қазақстан резиденті жерді сатып алып, оны шетелдік резидентке сата ала ма?

Қазақстан азаматы жерді сатып алып, шетелдіктерге сата алмайды. Егер сата алған жағдайда, мұндай келісім негізсіз болып табылады. Заң бойынша, нотариустердің  мұндай келісім жасауға құқы жоқ.

Жердің бір гектары қанша тұрады?

Жерлер суармалы, егiстiк, мал жайылымы, пiшен шабу жерлері т.б. болып бөлінеді. Осыған орай жердің құны әр түрлі болып келеді. Мәселен, Ақмола облысында бір гектар егістік жері 11 900 теңгеден 49 000 теңгеге дейін, ал Алматы облысында 40000 теңгеден 130000 теңгеге дейін бағаланады. Мал жайылымдары одан әлдеқайда арзан – 1800 теңгеден 9000 теңгеге дейін. Жердің бағасы әр аймақ пен жердің түріне, сапасына қарай бекітіледі.

Жерді қолдануды мақсатына байланысты өзгертуге бола ма?

Егер сіз ауылшаруашылық жерін мал жаюға сатып алып, біраз уақыт өткен соң картоп егуді жөн көрсеңіз, оған рұқсат етілмейді. 1 шілдеден бастап мақсаттық тағайындауға байланысты келісімдер алынып тасталды. Ал, шаруа адамы жаз айынан бастап кез келген қазақстандыққа жерді жалға алуға бере алады. Ол үшін әкімдікке арыз жазуы керек.

Қазақстанның қанша жері жалға берілген және тағы қанша жерді сатылымға шығады?

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, ауылшаруашылық жерлердің жалпы көлемі 100,8 гектарды құрайды. Оның 1,3%-ы (1,3 млн га) жеке меншік иелігінде. 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап министрлікте 1,7 миллион гектар жер аукционға қойылады.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық жұлдыздар халықты жабайы көтерілістен сақтануға шақырды

Талқылау