Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақтелеком”, Air Astana, “Қазпошта”, “Қазақстан ғарыш сапары ұлттық компаниясы” сатылымға қойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы “Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы” қаулысы 2016 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді.

16ff8575ce0eec29451cea71fa1c97cf_XL (1)

Бұл туралы республиканың ұлттық экономика министрлігінің сайтында хабарланды.

Сайтта жарияланған қаулығы сәйкес, Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырудың нысаналы индикаторлары бекітіледі.

Тізімде “СҚ-Фармация” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “Қазмедтех” акционерлік қоғамы, “Қазақстан ғарыш сапары ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы, «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы” акционерлік қоғамы, “Қазақавтожол” республикалық мемлекеттік кәсiпорны, “Қорғас” шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» акционерлік қоғамы, “Астана халықаралық әуежайы” акционерлік қоғамы тағы басқалар бар.

Талқылау