Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жастарға арналған баспананы кімдер және қалай ала алады

Еліміздің қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев жастарға арналған жалға берілетін мемлекеттік баспананы кімдер ала алатынын айтты.

Қазақстанда жастарға арналған баспананы кімдер және қалай ала алады

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Министрдің сөзінше, пәтерлерді беру балдық жүйе арқылы жүзеге асады. Жалға берілетін баспана 3 жыл мерзімге беріледі. Аталған мерзім аяқталғаннан кейін арнайы комиссия жалға беру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды.

«Жасы 29-ға дейінгі жастар пәтер алуға үміткер бола алады. Екіншіден, ол адамның жұмысы болуы керек. Ол заңды түрде жұмыс істеуі, салық төлеуі немесе жеке кәсіпкер болуы керек. Әр көрсеткіш үшін балл беріледі», – дейді Қалетаев.

Сонымен қатар ол пәтер бөлінетін кезде отбасы жағдайы, балаларының бар-жоғы ескерілетінін атап өтті.

Жалға берілетін пәтерге қол жеткізу үшін жастар Астана, Алматы немесе Шымкент қалаларында кемінде 3 жыл тұруы тиіс.

Индустрия министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың мәлімдеуінше, республикалық маңызы бар үш қалада кемінде 1000 пәтер – әрқайсында 350-ден салу жоспарланып отыр.

«Шаршы метрі – 180 мың теңге. Пәтердің аумағы – 40 шаршы метр. Бүгінде жоба қарастырылып жатыр», – дейді комитет төрағасы.

Қазіргі уақытта министрліктің бұл ұсыныстары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде қаралуда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау