Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жастарға арналған алғашқы телеарна пайда болады (видео)

Қазақстанда жастарға арналған алғашқы «J1» телеарнасы іске қосылады, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы «Байтақ-Болашақ» Экологиялық альянс президенті Азаматхан Әміртай мәлімдеді.

«ЭкоАльянстің қатысуымен жастарға арналған «J1» (Жастар1) телеарнасы іске қосылады. Түрлі бағыттағы бағдарламалар, кинокартиналар, ток-шоу, жастарға арналған телехикаялар көрсетілетін болады. Әсіресе, Ілияс Башарович басшылық ететін телеарна ұжымының мамандары өте жоғары деңгейде. Арна басшысы қарапайым журналистен мемлекетіміздегі ең ірі «Қазақстан» телеарнасының басшылығына дейінгі жолды жүріп өткен.  Ол басшылық еткен кезде қарапайым адамдардан «Қазақстан» телеарнасы туралы жағымды пікірлер көп естідім. Арна қызықты, маңызды әрі жарқын бола түсті. Жаңа «J1» арнасының да болашағы зор боларына сенемін», – деп жазды ол Facebook желісінде.

Ілияс Ысқақовтың сөзінше, ұжым құрамында Ғалия Шәудірбаева директордың шығармашылық жөніндегі орынбасары, Гаухар Иманқұлова директордың стратегиялық даму және коммерция жөніндегі орынбасары, Алпамыс Шәрімов креативті продюсер болып қызмет атқарады. Сонымен қатар ұжым қатарында басқа да танымал әрі білікті мамандар жұмыс істеп жатыр.

«Біз неліктен осы уақытқа дейін жастарға арналған телеарна болмағаны жөнінде ойландық. Сондықтан бұл жағдайды өзгерткіміз келді. Біз шындығында да жастарға арналған арна болу үшін, қолымыздан келгеннің бәрін жасап жатырмыз», – деп жазды Ілияс Ысқақов.

Аталған телеарнаның қай уақыттан бастап жұмыс істей бастайтыны аталмады.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-дағы зорланған баланың ісі: баланы Алматыға алып келді

Наурыз мейрамында дастарханнан тағамдарды ыдысымен бірге талап алып кеткен тұрғындар жұртты ашуландырды (видео)

Тағы да су тасқыны: ШҚО-да бір тәулік ішінде 19 үй мен 6 көшені су алып кетті

Наурыз мейрамы кезінде Ерболат Құдайбергенді жақыннан көргісі келген әйел сарбаздармен «төбелесіп» қалды (видео)

Талқылау