Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа жылдан бастап шетелдік телеарналардағы жарнамаға тыйым салынады

Қазақстан парламент «Телерадио хабарларын тарату туралы» заң қабылдап, енді  жаңа жылдан бастап шетелдік телеарналардағы жарнамаға тыйым салынды.

i (1)

Енді жыл сайын жарнамадан түсетін 4 миллиард теңге сыртқа емес, отандық телеарналардың қалтасында түседі.

Талапты бұзған компаниялар Қазақстанның аумағынан мүлдем алыстатылып, ірі көлемде айыппұл салынады.

-Жыл сайын 4 млрд теңге сыртқа, шетелдік телеарналардың бюджетіне кетіп жатыр. Олар елімізде заңмен тыйым салынған сыра, өзге де зиян азық-түлікті жарнамалап келді. Ал, жаңа талаптар шетелдік және отандық телеарналардың арасындағы бәсекелестікті реттеп береді. Біз тең деңгейде жұмыс істеуге дайынбыз, – дейді КТК телеарнасының Бас директоры Қанат Сахариянов.

Жаңа заң ең алдымен отандық телеарналарға үлкен мүмкіндік береді. Енді осы уақытқа дейін жарнамадан түскен қыруар қаржы сыртқа кетіп жатқан. Шетелдік телеарналар кез-келген, тіпті заңмен тыйым салынған тауарларды біздің нарықта емін-еркін насихаттап жүр.

Сонымен қатар, 2017 жылы шетелдік телеарналар елімізде хабар тарату үшін заңды түрде тіркелуі тиіс. Сөйтіп, қазақстандық телекомпаниялар сынды тіл саясаты, отандық бағдарламаларға қолдау көрсету және басқа да талаптарды орындауға міндетті. Ал, шетелдік жарнамаға тыйым жаңа жылдан басталады.

Алайда, отандық телеарналардың сөзін сөйлейтін заңға кабельдік операторлар қарсылық танытып отыр.

-Біз мүлдем тиіспей-ақ қояйық жарнамаға. Операторлар почтальон сияқты. Олар бір жерден алады да, екінші жерге апарып береді. Абоненттік ақымызды алып, техникалық сапаға жауап берейік. Жарнамамен өздеріңіз болыңыздар, -дейді ҚР Телерадиохабар тарату операторлары қауымдастығының президенті Саят Нұрахметов.

Кабельдік операторлар шетелдік телеарналар біздің нарықтан мүлдем бас тартуы мүмкін. Сондықтан олар Үкіметтен қосымша уақыт сұрады. Жарты жылда қаржы, техника сынды қажеттіліктерін әзірлеп алмақ. Бұл өтінішке телеарна басшылары да түсіністікпен қарап отыр. Сондықтан шетелдік жарнамаға салынған тыйымға уақытша мораторий жариялануы да мүмкін.

Талқылау