Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа туылған нәрестелер арасындағы ең танымал есімдер

2015 жылы жаңа туылған нәресте ер балалардың арасында ең танымалы Әлихан есімі, қыз балалардың арасында – Айзере. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің сайтында көрсетілген.

new_born_2_by_far_from_krypton-d3497h1

Статистикалық мәліметтерге сай, биылғы 10 айда Әлихан есімі 2977 нәрестеге берілсе, Айзере есімі – 5762 нәресте қыз балаға беріліпті.
Биыл туылған ер балалар арасында жиі кездесетін есімдер арасында Нұрислам, Айсұлтан, Ерасыл, Рамазан, Санжар, Нұрасыл, Артем есімдері бар. Қыз балалар арасында жиі кездесетін есімдер: Айару, Раянка, Кәусар, Айша, Інжу, Әмина, София.

Былтыр да Әлихан мен Айзере жаңа туылған нәрсетелер арасында жиі қойылған есімдер екенін айта кеткен жөн. Мысалы, былтыр осы аралықта Әлихан есімі – 2798 нәрестеге қойылса, Айзере есімі – 6276 нәрсте қыз балаға қойылыпты.

Талқылау