Қазақстанда жаңа туған сәбидің құжаттары перзентханада үш күн ішінде реттелетін болды

Сәрсенбі, 31 Тамыз , 2016 10:45

Енді жаңа туған сәби үшін керекті құжаттарды нәресте өмірге келген кезде-ақ алуға болады. Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері перзентханаларда да жұмыс істей бастаған.

12f1809d55b570ccbe8d4a01b38a2673_XL

Фото: khabar.kz

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Перзентханадағы ХҚКО қызметкерлері жаңа туған сәбидің ата-анасынан өтініш қабылдай алады. Ең бастысы босанар алдында перзентханаға ұмытпай қажетті құжаттарды ала бару қажет.

Жаңа бастама негізінде 25 шілдеден бері қарай жаңа туған сәбилерді тіркеу уақыты өзгерген. Егер бұрын ата-аналарға бұл шаруаны ыңғайлау үшін екі ай уақыт берілсе, енді маңызды құжаттарды сәби туғаннан кейін үш күн ішінде реттеуге мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде ҚР “Неке және отбасы” кодексіндегі өзгерістермен тікелей байланысты.

Керекті құжаттар: Босануды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (жаңа ереже бойынша тура перзентханада дайындап береді), ата-анасының жеке куәлігі (немесе сенімхат арқылы арнайы өкілмен), неке куәлігінің көшірмесі (2008 жылдан соң Қазақстан аумағында некелескен ерлі-зайыптылар аталмыш көшірмені көрсетпесе де болады. Егер босанушы тұлға некеде тұрмаған болса аталмыш құжат талап етілмейді), баланы туу туралы медициналық куәлік немесе баланы туғанын айғақтайтын сот қаулысы.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Анонимно says:

    Сонда мейрам күндері не болмақ. Наурызда дүниеге келсе 3 күн отеди де кетеди. Аптаның жұма күні туса ше кешке 8 де. Туылган кун 1ші, сенбі 2ші, жексенбі 3 ші күн болып аталған уакытта загс жумыс істемейді. Сосын 1 айдан сон косымша кужаттар тапсырып аласын

  • Анонимно says:

    Айй зан шыгуы шыгадау оны орндау копке созылары анык

  • Анонимно says:

    Бул занды кайта алып тастау керекко. Баланын есимин туыла сала коймаймыз., тагыда айтыла кететини жана босанган айел туа сала кайдан ЦОНга бара алады, ози енди есин жиып жатканда. Кайта алдындагыдай 2айдын ишинде туу куалигин алсакта боладыго, болмаса 1ай деп узарту керек

  • Анонимно says:

    Сабидiн есiмiн туа сала коюымыз керекпе сонда? Казак баласы есiмдi тусiнiстiкпен караган ойланып агайын-туыспен акылдаса келе бiр магынага байланыстырып койган. Мемелекетiмiздiн мунысына мен карсымын, уш куннен улгере алмасак не болмак???

  • Анонимно says:

    Осы шыгарган зандары тиiмдi деп отырма екен журдикко роддомнан шыгып алып сарсылып документ жинап уш куннен кешиккенимиз ушин. Бир жиберген отинишимизден Кате жиберип отказ боп келми калды куалигимиз екинши рет кайтып документ жинап тапсыртып айтеуир 1ай дегенде куалигимиздиски азер алдык. Ойтип шыгарган зандары курысын

    • Анонимно says:

      Жақсы бопты анда мында дакумент іздеп тозбай

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар