Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа премьер-министр тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен ел үкіметінің жаңа басшысы бекітілді, деп хабарлайды Stan.kz.

sagintaev

Фото: nb.kz

Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып тағайындалды. Парламент мәжілісі депутаттары мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Бақытжан Сағынтаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Еске сала кетейiк, кеше министрлер кабинетіне жетекшілік еткен Кәрім Мәсімов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. ҚР премьер-министрінің міндеттерін уақытша атқару Бақытжан Сағынтаевқа жүктелген болатын. Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Владимир Жұмақанов Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметін атқаратын болды.

Бақытжан Сағынтаев әр жылдары ҚР премьер-министрі кеңсе қызметінің басшысы, Павлодар облысының әкімі, экономикалық даму және сауда министрі, “Нұр Отан” партиясы төрағасының орынбасары, Өңірлік даму министрі сынды қызметтерді атқарды.

Талқылау