Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қазақстанда 2016-2017 жаңа оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді.

14600063261ur2h_1000x768

Фото: vlast.kz

Мектеп алды сыныптары үшін оқу жылы 32 аптаға созылады. Бірінші сынып оқушылары үшін 33 апта, ал 2-11 (12) сыныптар үшін 34 апта бекітілген.

Оқу жылы аясында 1-11 (12) сыныптар келесідей ретпен каникулға шығады:
а) күзгі каникул – жеті күн (31 қазаннан 6 қарашаға дейін);
б) қысқы каникул – 10 күн (2016 жылдың 30 желтоқсанынан 2017 жылдың 8 қаңтарына дейін);
в) көктемгі каникул – 13 күн (21 наурыздан 2 сәуірге дейін).

Мектеп алды сыныптар үшін:
а) күзгі – жеті күн (31 қазаннан 6 қарашаға дейін);
б) қысқы – 10 күн (2016 жылдың 30 желтоқсанынан 2017 жылдың 8 қаңтарына дейін);
в) көктемгі – 13 күн (21 наурыздан 4 сәуірге дейін).

Мектеп алды және бірінші сыныптар үшін қосымша жеті күн каникул – 2017 жылдың 1-7 ақпан аралығында беріледі.

Талқылау