Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа iPhone Xs қанша тұратын болады

Apple компаниясы жаңа iPhone Xs пен iPhone Xs Max-тің қашаннан бастап Қазақстанда сатылымға шығатынын және аталған телефонның қанша тұратынын хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарттық агенттігі Apple компаниясының Қазақстандағы ресми серіктесі iPoint-қа сілтеп.

Қазақстанда жаңа iPhone Xs қанша тұратын болады

Көптен күткен 64 Гбайтты жаңа IPhone Xs-тің құны 525 990 теңге тұрады. Алдын-ала тапсырыс бүгін басталса, сатылымға 28 қыркүйектен бастап шығарылады.

Жады 64, 256 және 512 Гб iPhone Xs күміс, сұр және алтын түсте болады. 64 Гбайт IPhone Xs-тің құны 525 990 теңге болса, 256 және 512 Гб құрылғылар тиісінше 604 990 және 714 990 теңге тұрады.

Ал, жады 64 Гб ескі iPhoneXs Max модельдерінің бағасы 579 990 теңгеге бағаланды. Сондай-ақ, 256 гбайттық телефон 655 990 және 512 Гб құрылғы 765 990 теңге тұратын болады.

Сонымен қатар, Қазақстанда Apple Watch Series 4-тің 40мм корпустағы GPS-нұсқасы 28 қыркүйекте сатылымға шығады. Оның құны 234 990 теңге тұрады. Және дәл сол модель, бірақ 44 миллиметрлік корпустағысы 249,990 теңге тұратын болады.

Хабарламаға сүйенсек, жаңа сағаттардың енді экраны үлкен, дыбыс күшейткіштері жоғары болады. Бірақ, ақылды сағаттардың негізгі артықшылығы электрокардиограмма үшін орнатылған датчигінде болып тұр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау