Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жалға берілетін пәтер құны тағы да қымбаттады

Бағаның шарықтауы Астана мен Тараз қалаларында қатты байқалған. Мәселен, елордаданың ең қымбат сол жағалауында бір бөлмелі пәтер үшін айына 340 мың теңге сұрап тұр, деп хабарлайды КТК.

Жазда туристер мен ЭКСПО-ны көруге келгендер есебінен пәтерге сұраныс көп болса, қыркүйекте бағаның бұлай шарықтауы немен байланысты екені түсініксіз. Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда пәтер жалдау Таразда 11, Астанада 5 пайызға дейін өсіпті. Ал, Алматы қаласында жалға берілетін пәтер ақысы керісінше 3 пайызға арзандаған.

Дегенмен, Алматы, Ақтау және Астана қалалары ең қымбат өңірдің үздік үштігінде тұр. Аталмыш аймақтарда тұрғындар жалдамалы пәтердің шаршы метріне 2500 және 2000 теңге аралығында ақша төлейді. Тек, Өскемен, Семей және  Талдықорған сынды шағын қалаларда пәтерақысы өзгермеген.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде АИ-92 жанармайы 162 теңгеден сатылып жатыр

Алмазбек Атамбаев Назарбаев қатысатын саммитке барудан бас тартты

Досым Сәтпаев: Атамбаев Қазақстанға тиісу арқылы өз елінде «қыран» болып көрінгісі келетін «ақсақ үйрек»

Талқылау