Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жақын күндері ұйытқыған жел соғып, жаңбыр жаумақ

Синоптик мамандар Қазақстанның көп бөлігінде 16-18 сәуір аралығында қатты жел соғып, жауын-шашын түсуі мүмкін деп болжап отыр.

9533287

Сурет РИА Новости

“Қазгидрометтің” мәліметінше, жерге жақын қабаттағы антициклон және тропосферадағы қысым жотасы Қазақстанның ауа райын анықтайды. Олармен бірге шығыс облыстарды қоспағанда, республиканың көптеген аумағында температураның ауытқуы нормадан асатыны байқалады.

Шығыста әзірше салқындау. Бірақ антициклон мен жоталардың Сібірге жылжуына қарай, шығыс облыстарға оңтүстіктен жылы ауа таралады.

Ал Ресейдің Еуропалық бөлігінен батыс облыстарға атмосфералық фронттар жылжи бастайды, олардың Қазақстан арқылы ауысуы ел аумағында жаңбыр, найзағай және ұйтқыған желдің соғуына алып келеді.

Талқылау